Жаңалықтар
Қызылша ауруы және оның алдын алу шаралары. Вакцинацияның маңыздылығы
- author Zhambylokq
- 22 желтоқсан, 2023
- 126
Қызылша ауруы және оның алдын алу шаралары. Вакцинацияның маңыздылығы
Жамбыл облысы аумағында осы аптада күніне қызылшаның 40-50 жағдайлары тіркелуде, негізгі ауру екпе алмағандар арасында тіркелуде.
2023 жылдың басынан бері Жамбыл облысында қызылшамен ауырған 3271 науқас тіркелді. Оның 80,0% (2657 жағд.) 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 3% (96 жағд.) жасөспірімдер арасында және 17% (518 жағд.) ересектер.
Ауру облыстың барлық аудандарында анықталуда:
Жалпы облыс бойынша ауырғандардың арасында екпе алмағандардың үлесі жоғары 83% құрады. Оның ішінде
екпеден бас тартқандар 27%;
медициналық қарсы көрсетілімдері балалар 21%;
екпе алу жасына жетпегендер 17%;
екпе туралы мәліметтері жоқ 22%;
қалған 13% пайызда толық екпе курсын алмағандар.
Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ. Қызылшадан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация жасау болып табылады.
Ұлттық екпе жүргізу күнтізбесіне сай, 1 жасқа дейінгі 24 мыңнан аса бала және 6 жастағы 25 мың бала жоспарлы вакцинация алды. Вакцинация үшін қызылшаға қарсы тиімді әрі қауіпсіз, қызамыққа және паротитке қарсы компоненттері қосылған вакцинасы (ККП) қолданылады.
Қызылша індетінің жағдайын тұрақтандыру үшін Жамбыл облысында 7 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Вакцинацияны 6 айлықтан бастап, 11 айға толған балалар, 2,3,4 жастағы балалар алады. Сонымен қатар, екпе алғаны туралы мәліметі жоқ, уақытысында екпе алмағандарға екпе жүргізілуде (наверстывающая вакцинация).
Бүгінде қызылшаға қарсы қосымша екпемен 34 мыңнан аса адам қамтылды.
Індетке қарсы екпе алмағандарды ауру жұқтырудан сақтандыру үшін және індеттің әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ошақтарда эпидемияға қарсы бірқатар іс-шаралар жүргізуде.
Ошақтарда 25 мыңнан аса қарым-қатынаста болған тұлғалар 21 күндік медициналық бақылауға алынды. Бүгінгі күні науқастармен қарым қатынаста болған 4111 адам бақылауда.
Медициналық бақылау нәтижесінде 490 адамда қызылшаның клиникалық белгілері табылды, олар науқас болып есепке алынды.
Эпидемиялық көрсетілімдер бойынша науқастармен қарым-қатынаста болған 72 сағат ішінде 1201 тұлғаларға екпе жасалды, медициналық кері көрсетілімдері бар 768 тұлғаларға екпе жасалмады.
Департаменттің аумақтық бөлімшелері санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық (алдын алу) шараларын жүргізу туралы 3841 Қаулы шығарды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Біле жүргеніңіз дұрыс, қызылша мен қызамықты емдейтін арнайы дәрі-дәрмектер жоқ, сондықтан да тек екпе ғана Сізді және Сіздің балаңызды осы инфекциялардан қорғайды.
Аудандар | Тәулікте | Барлығы | 100 мың тұрғынға шақкандағы көрсеткіш |
Тараз қаласы | 31 | 1949 | 437,0 |
Байзақ ауданы | 2 | 240 | 227,8 |
Жамбыл ауданы | 0 | 130 | 168,2 |
Жуалы ауданы | 61 | 111,8 | |
Қордай ауданы | 5 | 266 | 178,0 |
Т. Рысқұлов ауданы | 44 | 65,3 | |
Меркі ауданы | 1 | 182 | 205,7 |
Мойынқұм ауданы | 8 | 28,0 | |
Сарысу ауданы | 112 | 253,7 | |
Талас ауданы | 51 | 104,2 | |
Шу ауданы | 228 | 214,7 | |
Облыс бойынша | 39 | 3271 | 268,9 |
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024