Сонымен қатар Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдерімен, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарымен бірлескен әуе рейдтік ұшулар ұйымдастырылды. Әуе рейдтері барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
2025 жылы авиациялық жұмыстар бойынша жалпы ұшу уақыты:
– 2–3 сыныптағы тікұшақпен – 150 сағат 00 минут,
– Ан-2 ұшағымен – 318 сағат 05 минутты құрады.
Өрт қаупті кезеңде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің қарауындағы аумақта 46 орман өрті тіркеліп, жалпы аумағы 33 393,36 гектарды қамтыды. Оның ішінде орманды алқап – 21 184,91 гектар, ал ормансыз алқап – 12 208,45 гектар.
Авиациялық-өрт сөндіру қызметінің қатысуымен 29 өрт сәтті сөндіріліп, жалпы аумағы 29 473,25 гектарды құрады. Бұл барлық тіркелген өрттердің 63%-на тең.
Өрттердің негізгі шығу себептері төмендегідей болып отыр:
– найзағай салдарынан – 25 жағдай,
– адам факторынан – 3 жағдай,
– дала өрттерінің мемлекеттік орман қорына өтіп кетуінен – 5 жағдай,
– шығу себебі анықталмаған – 13 жағдай.
2026 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ.
Алдағы 2026 жылғы өрт қаупі жоғары маусымға дайындық жұмыстары алдын ала басталып кетті. Қазіргі уақытта авиациялық-өрт сөндіру қызметінің штаты 100% -ға толық жасақталған.
Жыл сайынғы еңбек демалыстары аяқталғаннан кейін қызметкерлер міндетті медициналық тексерістен өтіп, теориялық және практикалық кәсіби дайындықтан өтеді. Сонымен қатар оқу қорытындысы бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырылады.
Жеке қорғаныс құралдарын жаңарту жоспарланған. Көлік құралдары, өрт сөндіру жабдықтары және байланыс техникалары толық тексеріліп, консервацияланған. Қысқы кезеңде техникаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нормативке сай жетіспейтін құрал-жабдықтармен толықтырылады.
2026 жылға мемлекеттік орман қорын қорғау және күзету мақсатында авиациялық жұмыстарға арналған жоспарланған ұшу сағаттарының лимиттері төмендегідей белгіленді:
– 2–3 сыныпты тікұшаққа – 380 сағат 00 минут,
– ұшаққа – 350 сағат 00 минут.
Ұқсас жаңалықтар
2025 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- авторZhambylokq
- 2 желтоқсан, 2025




