Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бейін бағыттары бойынша даярлықтан өтеді. Оқыту 66 мамандық бойынша жүргізіледі. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Инженерлер мен медицина қызметкерлеріне, магистратураға үміткерлерге квоталар енгізілді. Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейін тілдік дайындықтан өте алады, ол үшін стипендияға өтініш берген кезде университеттен шақыру қажет емес.
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында Мемлекет басшысы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен, геологиялық барлау, IT-сектор, креативті индустрия және т. б. үшін кадрлар даярлау жөнінде тапсырмалар берді. Бұл бағыттар сұранысқа ие және өзекті, біз үміткерлер санын көбейту, шәкіртақы алу және осы бағыттар бойынша мамандарды дайындайтын ЖОО іздеу жұмыстарын жүргіздік», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанова.
Үміткерлер University of Aberdeen, University of Illinois at Urbana-Champaign, Australian National University, University of Oxford сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті. «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Үлкен деректерді талдау», «Құрылыс инженериясы» және «Геология. Тау-кен ісі. Геодезия» сияқты мамандықтар үміткерлердің үлкен қызығушылығын тудырады. Сондай-ақ шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 481 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иегері атанды. Стипендиаттар 9 бағыт бойынша зерттеу жүргізеді: инженерлік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық сала, агроөнеркәсіптік кешен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, білім, медицина, өнер. Мына сілтеме бойынша тізіммен танысуға болады: https://bolashak.gov.kz/kz/stipendiya-iegerlerihttps://bolashak.gov.kz/kz/grant-iegerleri
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар