Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған, қос бағытта қарқынды дамып келе жатқан киелі өңір. Бірі – ауыл шаруашылығы болса, екінші бағыты – өнеркәсіп салалары.
Сарысулықтардың берекелі тірлігінің арқасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасты.
Атап айтатын болсақ:
- өнеркәсіп өнімінің көлемі 85,9 млрд. теңгені құрап, 104,8%-ға орындалады;
- негізгі капиталға салынған инвестиция 47,3 млрд. теңгеге жетіп өткен жылмен салыстырғанда 189,8%-ға орындалды.
- ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 23,4 млрд. теңгені құрап, 94,1% болды;
- құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша есепті кезеңге 11,0 млрд. теңгені құрап, 160,9%-ға жетті;
- пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 18 816 ш.м. немесе 101,5%-ды құрады;
- бөлшек сауда айналымы 3,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,1%-ға артығымен орындалады.
Ауыл шаруашылығы саласы.
Аудандағы егістік жер көлемі 24 717 га, оның 24 508 га игерілді.
Аудандағы суармалы егіс көлемі 3 950 гектар, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына жиналған ағын су 12 канал жүйесімен суармалы алқапқа жетеді. Аудандағы шабындық жер көлемі 34,0 мың гектар. Талас өзені арнасында орналасқан шабындық жер – 6 508,0 га, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Талас өзенінің суы Сарысу ауданына жетуін тапсырған, осыған орай жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Шу өзені бойында шабындық жер 13 800 га. Шу арнасымен келе жатқан ағын суды Мойынқұм ауданы арқылы ауданға жеткізу жұмыстары жүруде.
Жайылым жерлерін пайдалану бойынша.
Барлық ауылдық округтерде жайылымды пайдалану схемасы мен жоспарын дайындалып, мәслихатпен бекітілген.
Аудан халқын жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде елді мекен жерлері 72 470 гектардан 182 470 гектарға ұлғайып қосымша 110,0 мың гектар жайылым аудандағы елді мекенге бекітіліп берілді. Бүгінгі таңда ауданда жайылым жетіспеушілігі жоқ.
Биыл пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша белгіленген 31,5 мың гектар жер толық қайтарылып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артуда. Жыл басынан өндірілген ет көлемі 3,0%-ға, сүт өнімі 5%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы бойынша жалпы соммасы 567,0 млн. теңге 67 ауыл шаруашылығы техникалары алынды (оның ішінде 325,0 млн. теңгеге 21 трактор, қалған 243,0 млн. теңгеге 46 ауыл шаруашылығы тіркемелері). Жаңару көрсеткіші 11 айдын қорытындысымен 10% құрауда.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы.
«Халықтың тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы маңызды бастамалардың бірі. 2019 жылдан бастау алған бұл жоба бүгінгі күнде өз нәтижесін беруде.
І. Жоба 6 ауылдық округте (Байқадам, Жайылма, Жаңаталап, Жаңаарық, Игілік, Түркістан) жүзеге асуда.
Жалпы жобаны іске асыруға 3 млрд. 734,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
6 округке қарасты 14 елді мекенде 845 кәсіпкер (2 млрд. 780 млн.тг.) және 6 кооперативті (33,1 млн.тг.) несиелендіру, кооперативтерге 75 дана ауыл шаруашылығы (552,6 млн.тг.) техникаларын лизинг жүйесі арқылы алуға, ауыл тұрғындарының шағын кәсіпкерлігін дамытуға 36 жобаны қаржыландыруға 192,3 млн. теңге несие беру жоспарланды.
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 154 отбасыға төмендейді;
Мал басы – 25 715 басқа жетеді, 136%-ға өседі;
Ет өндірісі – 128%-ға, сүт өндірісі 119%-ға ұлғайғаяды;
Бір отбасындағы орташа айлық табыс көлемі 38,1 мыңнан 97,5 мың теңгеге жетеді.
Жобаның іске асырылуы тұрғындар табысының артуына, өндіріс пен салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
Кәсіпкерлік саласы.
Бүгінгі күнге ауданда 5 274 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген ауданда 5 274 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген ауданда 5 274 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 4 726-ы белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артты.
Жыл басынан кәсіпкерлерге 799 жобаны қаржыландыруға 1 013 млн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда:
- «KMF» МҚҰ» ЖШС Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 764,4 млн. тг. көлемінде 764 жоба несиелендірілді.
- «БЖК - 2025» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген 6%-дық несиемен 35 жоба 248,6 млн тг. қаржыландырылды.
Ірі компаниялар мен инвестициялық жобалар
Бүгінгі күнде ауданда өнеркәсіп қызметі бойынша 13 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Аудандағы ірі кәсіпорындардан облысқа 1 млрд 181 096,6 млн. теңге салық түссе, ауданға 1 млрд 108 835,7 млн. теңге көлемінде салық түсіп отыр. Мұның бәрі халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған шаралар.
Бүгінгі таңда ірі өнеркәсіп орындарында 2 872 адам еңбек етеді. Оның ішінде 2 699 азамат (94%) аудан тұрғындары.
Кәсіпорындар демеушілік, қайырымдылық шаралары мен үлкен жобаларға қолдау білдіріп тұрады. Биыл «Қазфосфат» компаниясы тарапынан 31 млн. теңгеге түрлі қайырымдылық шаралары жүргізілді. Мәселен, ауданның 95 жылдық мерейтойына орай аламан айтыс өткізу, ораза айт кезінде бір ай бойы ауызашар беру, мектепке оқушыларды дайындау, өзен дамбасын күшейту, ардагерлерді демалыс орындарына жіберу сияқты игі шаралар. «Жаңатас жел станциясы» 25 млн. теңгеге Жаңатас қаласының орталық алаңынан жаздық үлкен сахна орнатты. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Асханұлының төрағалығымен 2023 жылғы 28 қаңтардағы өткен инвестициялық штаб отырысында берілген тапсырмаға сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 1 триллион теңгеге жуық болатын 15 ірі инвестициялық жобалар бақылауға алынған. Оның ішінде 2023 жылы 577,4 млрд. теңгеге ірі 4 жоба іске асырылуда (ағымдағы жылы 32,8 млрд. теңгесі игерілді).
1) «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС химиялық кешенінің құрылысы. Жобаның құны - 400,0 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 11 026 млрд. тг.).
2) «QazaqSoda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндіру зауыты. Жобаның құны - 123,5 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 4 млрд. 898,9 млн. тг.).
3) «Kazchemtrading» ЖШС цемент зауыты. Жобаның құны - 4,5 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 52,1 млн. тг.).
4) «Сарысу Жел электр станциясы» ЖШС. Жобаның құны - 49,4 млрд. теңге. (2023 ж. салынған инвестиция - 16 млрд. 535 млн. тг.).
Тұрғын үй бойынша.
Үстіміздегі жылы әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеге (РБ - 768,0 млн, ҰҚ - 777,6 млн) 184 пәтер сатып алынып, пайдалануға беріледі.
Тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 1 504 адам тұр.
Құрылыс жұмыстарына тоқталатын болсақ.
Аудан аумағында биылғы жылы түрлі бағдарламалар аясында - 4,7 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Атап айтатын болсақ:
- 697,7 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы бос тұрған 2 шағын аудандағы №32 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары;
- 222,5 млн. теңгеге «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен Өндіріс ауылдық клуб үйінің ғимаратына күрделі жөндеу және 16,5 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары;
- 124,2 млн. теңгеге «Бүркітті» каналын (2,3 км) қайта жаңғырту жұмыстары;
- 20,2 млн теңгеге жаңадан 2 спорт нысанының құрылысы және 1 нысанға ағымды жөндеу жұмыстары;
- 245,1 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары;
- 399,2 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы 2 мектеп (Абылайхан, М.Әуезов) күрделі жөндеу;
- 194,4 млн теңгеге «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен Жаңаталап орта мектебінің спорт зал мен жапсарлас асхана және мәжіліс залының құрылыс жұмыстары
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша.
580,5 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы 4,5 шағын ауданына және «Құрылысшы» саяжайына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.
Сондай-ақ, 2,1 млрд. теңгеге «Бизнестің жол картасы-2025» жобасымен Казсода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу жұмыстары атқарылуда (бірінші кезек) және 163,5 млн. теңгеге Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендерді ауыз сумен қамту.
Ағымдағы жылы 5 елді мекеннің ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарына 1,8 млрд. теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, аудандық бюджет есебінен 52,3 млн.теңге Майлыкөл мен Ақтам ауылдарына кешенді модульді блогтар (КБМ) орнатылды.
Автокөлік жолдары.
2023 жылы аудандық жол құрылысы саласына 632,3 млн. теңгеге барлығы 12 жоба іске асырылды:
- 278,7 млн. теңгеге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасымен 1 жоба (9,2 шқ) (Шағалалы)
- 54,7 млн. теңгеге жергілікті бюджеттен 1 жоба (1,5 шқ) Қаратас көшесін орта жөндеу.
Елді мекендерді газдандыру.
Бүгінгі таңда 25 елді мекеннің 5-і немесе 20% табиғи газбен қамтылған (Шағалалы, Досбол, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілдә – 2 675 адам н/е 6,0%).
Биыл 93,3 млн. теңгеге Шағалалы ауылын газбен жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталды.
Бүгінгі күні Сарысу ауданының 14 елді мекенін, соның ішінде Жаңатас қаласын, табиғи газбен қамту мақсатында 2 ауқымды жоба бар.
Атап айтқанда:
Бірінші жобамен Түркістан облысындағы №18 «Шалдар» АГТС маңындағы магистралдық газ құбырынан Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін жоғары қысымды газ құбырын салу қарастырылған. Аталған жоба аясында 98 шақырым (100%) газ құбыры тартылып, ағымдағы жылы «ЕвроХим» автоматтандырылған газ тарқату станциясы салынуда («ЕвроХим-Қаратау» ЖШС – бір жылдық табиғи газ тұтыну көлемі шамамен 200,0 млн. м³. құрайды). Жобаға қажетті сомма 11 млрд. теңге болса, бүгінгі таңда жұмыстың 56% аяқталды.
Екінші жобаға сәйкес, Сарысу ауданы 14 елді мекенге жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысы жүргізілуде (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Ұйым, Ұ.Сыздықбайұлы, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Ә.Бүркітбаев, Арыстанды). Жобаланған газ құбырының ұзындығы - 362 шақырым, соның ішінде бүгінгі күнге дейін 115 (32%) шақырымы тартылған. Жоба 13,2 млрд.теңгемен жүзеге асатын болса, бүгінгі таңда 34 % жұмыс аяқталды. Аталған жобаның құрылыс жұмысы 2024 жылға өтпелі.
Аталған жобалар іске асқан кезде, Сарысу ауданының 14 елді мекендегі 39 582 адам (соның ішіндегі Жаңатас қаласындағы 25,5 мың адам) табиғи газбен қамтылады. Ауданның газбен қамту деңгейі елді мекен саны бойынша 72%-ға, ал халық санымен 94%-ға дейін жетеді.
Аудандағы әлеуметтік салаға тоқталып өтсем.
Білім. Ауданда 27 мектеп бар, онда 9 070 оқушы білім алуда. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында 1 374 мұғалім еңбек етуде.
Спорт. Ауданда 257 спорт нысаны бар (оның ішінде 2 спорт кешені, 1 стадион, 33 спорт зал, 28 футбол алаңы, 179 спорт алаңшасы 14 кіші залдар). Қосымша қала және ауылдық елді мекендерде 64 балалар ойын алаңшалары бар. Салада айтулы көрсеткіштерге қол жеткіздік, жыл басынан спортшыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда барлығы 643 медальға (155 алтын, 156 күміс, 332 қола) ие болды.
Денсаулық. Ауданда денсаулық сақтау саласында 24 нысан бар. Онда 630 медицина қызметкері жұмыс жасайды. Орталық ауруханада 144 төсек-орын қарастырылған.
Мәдениет. Аудандағы мәдениет саласына жыл сайын ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда. Жалпы, ауданда барлығы - 2 мәдениет үйі (1 аудандық, 1 Саудакент ауылдық), 17 ауылдық клуб, 26 кітапхана бар. Жыл басынан 2 485 мәдени іс-шара өткізіліп, 96 мыңнан астам адам қамтылды. Жыл ішінде Сарысу ауданының 95 жылдығы, Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, Төкен Мақашевтың 100 жылдығы, Пернебей Дүйсенбиннің 80 жасы, Төлеу Үшқоңыров 85 пен Бергентай Нұрмаханұлының 75 жасы сияқты атаулы күндер кең көлемде аталып өтті.
Келесі жылы үлкен абыроймен аса ірі дастаншы, ақын-жырау Майкөт Сандыбайұлының 200 жылдық мерейтойын атап өтеміз, аудандық мәдениет үйіне ақынның аты беріледі.
Жұмыспен қамту. Биыл 322 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (1 625 адам). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда АСП алушы отбасы саны 173-ге азайды (2022 ж. 495 отбасы). Жыл басынан 3 685 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша 1 084 жұмыссыз азамат есепте тұр.
Бюджеттік-инвестициялық жобалар.
Қаржылық мәселелерге тікелей байланысты жобалар да баршылық.
2024 жылға 13 млрд теңгеге 37 жоба әзірленген. Оның ішінде, 14 жоба (5,9 млрд. тг.) қолдау тауып отыр.
Қалған, құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба (ЖСҚ дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) алдағы нақтылауда қаралатын болады.