Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Мәселен ағымдағы 1-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 20 тексеру жүргізілді, оның ішінде 5-і жоспарлы тексерулер, сондай-ақ 15-і жоспардан тыс тексерулер.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 244 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 9 ұсыну енгізілді.
Бұл ретте, тексерулермен анықталған 143 заңбұзушылық бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тексерулердің нәтижесінде 34 азаматтың құқықтары қалпына келтірілсе (33-і мемлекеттік қызметшілер, 1-і жеке тұлға), 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табуда.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1,7 МЛРД ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
- авторZhambylokq
- Бүгін, 15:17






