Білім
Елімізде оқушылардың соңғы қоңырау күні 1 маусымға ауыстырылды
- author Zhambylokq
- 24 қаңтар, 2023
- 33
Елімізде оқушылардың соңғы қоңырау күні 1 маусымға ауыстырылды
Бұл жаңалықты Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті.
"Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады, ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі".Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира КәрімоваДепутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды сұрады
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстан ауған қыздары мен әйелдерін оқыту бағдарламасын жалғастыруға әзір
- авторZhambylokq
- 24 қаңтар, 2023