Жаңалықтар
Қазақстанда әскерге бармаған жастарға «әскери билет» берілмейтін болды
- author Zhambylokq
- 26 желтоқсан, 2023
- 127
Қазақстанда әскерге бармаған жастарға «әскери билет» берілмейтін болды
– Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын да болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтарға әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билет ие болушы еді. Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер еговтағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік, – деді Руслан Омаров.Еске сала кетейік, бұған дейін әскерге барғандардың несиесі кейінге шегерілетіні хабарланған болатын. Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылған.