Үшжақты комиссия отырысы өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Басқосу барысында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша мәселелер қаралды.
Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Аймақ басшысы Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігін айтып, жұмыскерлердің жалақысын уақытылы төлеу және олардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайларына баса назарға алуды тапсырды.
Келесі мақала