Жаңалықтар
"Қазақмыстағы" қаза: Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы қайтыс болды
- author Zhambylokq
- 27 желтоқсан, 2023
- 84
"Қазақмыстағы" қаза: Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы қайтыс болды
Ұлытау облысында 26 желтоқсанда "Восточная Сары-Оба" шахтасында жерасты өздігінен жүретін машинаның жүргізушісі кеніштің 31 жастағы қызметкерін жаншып кетті.
Жүргізуші абайсызда әріптесін басып кеткен. Арнайы құрылған комиссия болған трагедияның барлық мән-жайларын анықтауға кірісіп кетті. Сәйкестік пе? Дәл сол күні таңертең Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға асықпайтынын атап өткен еді.
– Ал бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді. Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады. Мысалы, биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсіп кетті, - дейді Смайылов.Бұған дейін “Қазақмысқа” қарасты Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде қайғылы оқиға орын алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024