Жаңалықтар
Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты
- author Zhambylokq
- 28 желтоқсан, 2023
- 132
Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты
Биыл қазақстандық авиакомпаниялар рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті.
Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99 бірлікке дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайтылды. Қабылданған шаралар әуе тасымалдардың қолжетімділігін жақсартуға және рейстердің жүйелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.
Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.
Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті құрайды.
28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды.