Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАРАЗДА МАМАНДАРЫЛҒАН ХҚКО БІРІКТІЛДІ

ТАРАЗДА МАМАНДАРЫЛҒАН ХҚКО БІРІКТІЛДІ
открытый
🔰 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласының тұрғындарын хабардар етеді: қаланың №1 және №2 мамандандырылған ХҚКО-ларын біріктіруге байланысты, 2026 жылғы 6 сәуірден бастап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды тек бір мекенжай бойынша қабылдайды: Төле би көшесі, 198А.

📌 Бөлімдерді біріктіру процестерді оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізілді.

📌 Еске салсақ, бұған дейін қаланың мамандандырылған ХҚКО-лары екі түрлі мекенжайда орналасқан болатын. Қойгелді көшесі, 158А мекенжайында орналасқан №2 мамандандырылған ХҚКО жаңа мекенжайға — Төле би көшесі, 198А-ға көшірілді. Енді бір ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы автокөлік иелеріне арналған барлық қызмет түрлерін бұрынғыдай көрсетуді жалғастырады.

📌 Сондай-ақ Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы кезекші кесте бойынша жұмыс істейді: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні азаматтарды қабылдау 9:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүргізіледі.          

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар