Жаңалықтар
Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2023 жылы атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 16 қаңтар, 2024
- 45
Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2023 жылы атқарылған жұмыстар
Әділет департаментінің қызмет бағыттары келесі болып табылады:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, құжаттарға апостиль қою, сот актілерін орындау, нотариат салаларында мемлекеттік қызмет көрсету.
-құқықтық насихатты жүргізу;
-нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, заң кеңесшілердің қызметтеріне әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу;
-зияткерлік меншікті қорғау;
- келесі қызметтерге әдістемелік сүйемелдеу және профилактикалық бақылау жүргізу:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша;
- Жергілікті атқарушы органдарымен хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша.
***
Тіркеу қызметі саласында Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ағымдағы жылы азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында мәліметтерді өзектендіру бойынша жаңа мемлекеттік қызмет түрі 1 жұмыс күнінде көрсетілу мерзімі енгізілді. Азаматтар тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінде, заңды тұлғаның атауында және өздеріне немесе кәмелетке толмаған балаларына қатысты тіркелген азаматтық хал актілерінде қате мәліметтерді анықтаған жағдайда, «электрондық үкімет» порталы болмаса eGovmobile арқылы мәліметтерді өзектендіру үшін сұраныс бере алады. Азаматтарға «eGovmobile» қосымшасында Әділет органдарымен көрсетілетін 37 мемлекеттік қызмет түрлері қол жетімді екенін атап өткен жөн, оның ішінде Әділет департаментімен -12 қызмет көрсетіледі. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты және жер телімінің сәйкестендіру құжаты біріңғай «кадастрлық паспортқа» алмастырылды, ол жер телімінің және ғимараттың техникалық сипаттамасынан құрайды. 2023 жылы нотариат және адвокатура саласында бірқатар жаңашылдықтар бастама алды. Атап айтар болсақ, «Цифрлық нотариат» 2023 жылдың 11 сәуірінен бастап Азаматтарға бейнеқоңырау арқылы онлайн форматта "Цифрлық нотариаттық сенімхаттарды" ресімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды. Жамбыл облысы бойынша 210 сенімхат берілді. Егер бұрын сенімхатты ресімдеу үшін құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болады, ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшаларда да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» деп аталатын онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейне байланысы арқылы рәсімделеді. Цифрлық сенімхатты рәсімдеу үшін:- eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
- өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;
- жеке басын растау үшін қосымшадан нотариусқа бейне қоңырау шалу;
- белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеу;
- «сандық құжаттар» бөлімінде сандық сенімхат алыңыз.
- «eGov Mobile» қосымшасына кіру керек;
- Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет;
- Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз;
- Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.
Келесі мақала
Қыста балық аулау кезіндегі қауіпсіздік
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024