Жаңалықтар
Ауқатты ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 22 ақпан, 2024
- 63
Ауқатты ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ауқатты ауылдық округіне 3 ел мекен қарасты. Олар Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек ауылдары. Ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 9022 адам, аула саны 1388-ді құрайды. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспардағы – 5 азаматтың орнына, 8 азамат жастар тәжірибесінен өтті. Округ бойынша 1288 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде қоғамдық жұмысшылар 56 адам, спорттық сауықтыру кешенінде 22 адам, жеке инвест жобалар аясында 50 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін ашты (4,1 млн теңге). Әлеуметтік сала және қайырымдылық көмектер бойынша. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекке қайрылған 11 отбасына оның ішінде 58 адамға 3,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы әр балаға қосымша 600 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді (10 отбасы 22 балаға).
Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 10 адамға 3,5 млн.теңгеге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 12 айында ауылдық округтің белсенді азаматтары тарапынан отбасылық тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына 1,8 млн.теңгеге түрлі қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау бойынша. Өткен жылы ауылда спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Спорттық-сауықтыру кешені ашылғалы бері 35 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1500 астам адам қамтылды. Ауыл тұрғындары бекітілген кестеге сәйкес кикбоксинг, қазақша күрес, волейбол, футбол, ауыр атлетика, теннис үстелімен тұрақты түрде шұғылдануда. Білім беру саласы бойынша. Ауқатты ауылдық округінің аумағында №9, №10 орта және №45 негізгі мектептер бар. Онда барлығы 2070 оқушы оқиды.Оқу жылы кезінде оқумен қамтылмай қалған балалар тіркелген жоқ. Округ бойынша ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 746 баланы құрайды, оның ішінде 165 бала осал топтағы отбасылардың балалары. Өздеріңізге белгілі өткен жылы Бәйтерек ауылында 150 орындық мектеп құрылысы басталған болатын, ағымдағы жылы аталған мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін болады. Денсаулық сақтау саласы бойынша Ауқатты ауылдық округі бойынша 3 денсаулық сақтау мекемесі халыққа қызмет көрсетеді.
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 192 нәресте дүниеге келді. Тіркеуде тұрған жүкті әйелдер саны 124 адам.
Қызылша ауруына вакцинациялау бойынша берілген жоспар-686, орындалғаны-964.
Әскерге шақыру жұмыстарына тоқталатын болсам. Ауқатты ауылдық округі бойынша 2023 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына 24 жасақ берілген. Оның ішінде көктемгі шақыру науқанына жоспар бойынша 12 азамат берілген. 12 азамат толық әскер қатарына жолданып, 100% орындалды. Ал күзгі шақыру науқанына жоспар бойынша 12 жасақ беріліп, 11 азамат әскер қатарына жолданды немесе 91% орындалды.
Ауылдық округ әкімдігі қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесімен және ауыл тұрғындарымен 2023 жылы жалпы 14 кездесу ұйымдастырып, ұлтаралық бірлікті нығайту, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасындағы тұрмыстық қатынастар туралы және тағы басқа тәрбиелік мәні бар тақырыптарды талқылады. Бюджетке түсетін салықтар мен түсімдерге келетін болсақ. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түсетін бес түрлі салықтың 2023 жылғы жоспары – 26 млн 039,0 мың теңгені құраса, нақты орындалғаны 31 млн. 579 мың теңге немесе 121,2% орындалды . Инвестиция тарту бойынша 2023 жылы 66,0 млн. теңгеге 3 ауыл шаруашылығы бағытындағы инвестициялық жоба жоспарға сәйкес орындалды. Атап айтқанда:
- «Құрылысшы» ШҚ «КазАгроФинанс» корпорациясы арқылы 12,7 млн теңгеге «Беларус-892» тракторын лизингке сатып алды.
- «Алишер» ШҚ «КазАгроФинанс» корпорациясы арқылы 23,2 млн. теңгеге «ZoomLion RS1304» тракторын лизингке сатып алды.
- «Ауқаттылық» ШҚ жеке қаражатына құны 30,1 млн.теңгені құрайтын 60 га егістік жерге тамшылатып суғару жүйесін сатып алып орнатты.