Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2023 жылдың мүгедектікке шығу көрсеткіштері

2023 жылдың мүгедектікке шығу көрсеткіштері
ашық дереккөзі
2023 жылдың мүгедектікке шығу көрсеткіштері
Еңбек және әлеуметтік қорғау  комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  медициналық-әлеуметтік саласының 2023 жылғы қорытындысы бойынша мүгедектік деңгейіне қатысты мәліметтерді  ұсынады. 2023 жылдық қорытындысы өткен жылдармен салыстырғанда өңірдегі алғашқы мүгедектіктің, топ ауырлығының, ересектер арасында қан айналымы, қатерлі ісіктер,  психикалық ауытқулар салдарларынан бала мүгедектігінің өсуі, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту көрсеткіштерінің республикалық деңгейден төмендігін көрсетеді. 2024 жылдың 1 қаңтарында «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесінде тіркелген облыстағы мүгедектердің жалпы саны 45.682, оның ішінде ересектер 38777, мүгедек-балалар 6905. Жамбыл облысының 1222200 жалпы халық саны бойынша мүгедектердің үлестік салмағы - 3,7%. Топ құрылымы бойынша I-ші топ мүгедектері 5.190 (11,4%) , II-ші топ-17762 (38,9%), III-ші топ мүгедектері 20719 (45,3%) құрайды, «мүгедек-бала» санатындағы 7 жасқа дейінгі балалар саны-2.011 (4,4%). 2023 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша 1980 ересекке, 841 балаға алғашқы рет мүгедектік тағайындалды (2022 жылы – 1931 ересекке, 753 балаға,  2021 жылы – 1941 ересекке, 806 балаға). Медициналық оңалту шараларының тиімділігін көрсететін 10.000 халық санына шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 2023 жылмен  салыстырғанда 22,0 жағдайдан 23,1 жағдайға өскен. Соңғы үш жылда еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлестік салмағы төмендеп, зейнеткер жастағылар  саны өскенімен,  еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің үлестік салмағы жоғары. Ересектер арасында алғашқы мүгедектіктің 77,3% (1531 адам) еңбекке қабілетті жастағылар, ал 22,7% (449 адам) зейнеткер жасындағылар құрайды. (2022ж- еңбекке қабілетті жастағылар- 81.8%, зейнеткерлер -18.2%; 2021жылы-  еңбекке қабілетті жастағы 86,0%, зейнеткерлер 14.0% ). Сонымен қатар, салыстырмалы кезеңде топтық құрылым бойынша мүгедектіктің жасаруы, топ ауырылығының өсуі үрдіс алып отыр. Мүгедектік топ құрамы бойынша алғашқы мүгедектіктің 20,0% - I-ші топ, II-ші топ мүгедектері-48,4% және 31,6% - III-ші топтағы мүгедектер құрайды. (2022 жылы I топ-16,4%, II-48,3%, III-35.3%, 2021 жылы I топ-15,2%, II топ-49,3%, III топ-35,5%). Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда 2023 жылдың 12 айында: I-ші орында-қан айналымы жүйесі ауруларының салдарлары 26,1%-дан 27,6%-ға өскен  (2021ж.-29,2%); II-ші орында – қатерлі ісіктер аурулары -25,1%-дан 26,5% өскен  (2021ж.-           22,0%); III-ші  орында – жарақаттар салдары- 11,0%-дан  8,6% -ға төмендеген (2021ж.-11,8%);              Алғашқы мүгедектіктің топ ауырлығын құрайтын I-II-ші топ мүгедектігі бар адамдардың  үлестік салмақ басымдылығын қан айналу жүйесі және қатерлі ісіктер құрайды Өңірдегі алғашқы бала мүгедектігі медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Әрбір 3-ші танылған мүгедек-ол «мүгедек-бала» (2821/841). 2023 жылдың 12 айында өткен жылмен салыстырғанда  бала мүгедектігі 753 баладан  841 балаға өсіп отыр. Балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдарғы есептік кезеңмен салыстырғанда: I-ші орында – психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы аурулары –  20,1% -дан 27,7 пайызға өсіп отыр (2021ж.-14,1%); II-ші орында – туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар салдарларынан танылған балалардың үлестік салмағы 30,8%-дан 24,4 пайызға  кеміген (2021ж.-33,6%); III-ші орында – нерв жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы  20,7 %-дан 19,5 %- ға төмендеген (2021ж.-23,2%); Өткен жылдарда балалар  мүгедектігінің  алдыңғы  орындарын туа біткен даму ақаулары, нерв жүйе аурулары алғанымен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы I-ші орынға шығып, қатерлі ісіктер салдарынан танылған мүгедек-балалар қатары көбеюде. Қайта куәландырудағы толық, жартылай оңалту және топ жоғарылату көрсеткіштері бойынша жүргізілген оңалту шараларының тиімділігін бағалауға болады. 2023 жылы 12 айында ересектер арасында 8350, балалар арасында  3062 мүгедек бала қайта куәландырылған. Жүргізілген емдік-оңалту шараларының оң нәтижесі негізінде 414 ересек, 147 бала толық оңалтылған және 465 ересек, 11 баланың тобы төмендетілген, яғни жартылай оңалтылған. Денсаулық жағдайының өзгеруіне, оңалту шараларының тиімсіздігіне байланысты 420 ересекке және 7-18 аралығындағы 35 мүгедектігі бар балаға жоғарғы топ тағайындалған. 2023 жылдың 12 айында облыс деңгейінде толық оңалту ересектер арасында 5,0 %, балалар арасында 4,8% , топ ауырлығы 5,2% (республика деңгейінде толық оңалту көрсеткіші-6,2%, жартылай оңалту көрсеткіші-14,0%, топ ауырлығы көрсеткіші-6,0%).
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар