Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Далақайнар ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары

Далақайнар ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
ашық дереккөзі
Далақайнар ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
Далақайнар ауылы бойынша халық саны – 1353 адам, оның ішінде: экономикалық белсенді 680 адам, немесе 50 пайызды құрайды. Ауыл бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер алуға өтініш қанағаттанарлық, кезекке тұрған азаматтар жоқ. 2023 жылға жер, мүлік, көлік салықтарын жинау бойынша мүлік, көлік салығын жинау 100 пайызға орындалды. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 19 бабына сәйкес, жұмыс тұрақты атқарылуда. 2023 жылы әскери  борышын өтеуге кеткендер саны - 5 азамат. Ауылдық кітапхана ауыл әкімшілік ғимаратында орналасқан:   онда – 6886 дана кітап қоры бар, оның 4585 данасы мемлекетік тілде. 2016 жылы жаңа мешіт соғылып жұмыс істеуде. Құжат заңдастырылған. Сыйымдылығы - 100 адам. Ауылда  Ауылдық дәрігерлік амбулатория  орналасқан. Денсаулық саласы бойынша қызметкерлер саны 10 адам.  Амбулатория бір күнде 20 адамды қабылдауға және 2 төсек орын күндізгі ем қабылдауға арналған. Ауыл аумағында қызмет етіп тұрған білім беру нысандары бойынша:          Ауылда «Кәусар» бөбекжай бақшасы орналасқан.  «Кәусар» бөбекжай бақшасында 50 бала тәрбиеленуде. Қызметкерлер саны – 25. Ауылда Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі 1964 жылы салынған. Мектепте 277 оқушы білім алады, 285 оқушының ішінде 27 аз қамтылған оқушы. Жалпы мұғалім саны 40. Білім сапасы – 64 пайыз. Ауыл бойынша 2023 жылы  атаулы әлеуметтік көмек алған- 6 отбасы, 31 адам, 1898,5 мың теңге бөлінді. Ауылдың жалпы жер көлемі – 56816 гектар. Егістік жерлері – 11791 гектар, оның ішінде – суармалы егістік -2211 гектар, жайылымдық жер – 34867 гектар. Ауыл бойынша - 127 шаруа қожалықтары тіркелген.  2023 жылы егілген ауыл шаруашылығы өнімдері: бидай- 200 га, арпа -600 га, жүгері - 300 га, қант қызылшасы - 10 га, көкөніс – 747 га, бақша-690 га, Жаңа себілген жоңышқа - 300 га, ескі жоңышқа-731 га. МІҚ- 2171 бас,  Жылқы - 1018 бас , Қой- ешкі - 22463 бас, үй құсы- 4400 бас. Ветеринарлық мал дәрігері мал ауруларына қарсы профилактикалық жұмыстарын уақытысымен жүргізіп отырады. Мал емдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Далақайнар ауылында  16 көше бар, жалпы ұзындығы 12,78 шақырымды құрайды, жалпы 11 көшесіне асфальт төселген 8,72 шақырымды құрайды. Қазіргі танда 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын қажет етеді. 2022 жылы қараша айында Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі арқылы кіші доп алаңы салынуы басталып,өтпелі 2023 жылы маусым айында ашылуы болып, қолдануға берілді. 2023 жылы балалар ойын алаңшасын орнатуға 5 млн 600 мың теңгеге мердігер ТОО ОПС ИК арқылы салынды. 2023 жылы Б.Момышұлы, Бөлтірік, М.Ғабдулин  көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Далақайнар ауылы Тасөткел су қоймасы ӨБ магистралдық каналдары R1, R2, R3, R4 каналдары күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылы атқарылатын жұмыстар: Т.Аубакиров – 0,650 км,С.Естемесов – 0,661 км жалпы ұзындығы – 1,311 км асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Екі көше құны – 36,968,615 тенге
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар