Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы
zhambylokq.kz
Ағымдағы жылыту маусымы 2023 жылдың 12 қазанынан басталды. ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес Жамбыл облысында жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды. Бүгінгі күнге жылыту маусымының 160 тәулігі өтті.

Сыртқы ауа температурасы соңғы 5 тәулікте +8 0С-тан жоғары болған жағдайда жылыту маусымын аяқтау көзделген.

Бұл ретте, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарында сұраныстары негізінде жылу беру жалғасатын болады.

Жалпы, облыстағы жылу энергетика кешендерімен жылыту маусымы кезеңінде 1 ,1 млн. Гигакалорий жылу энергиясы өндірілу көзделіп, жоспарға сәйкес орындалуда.

Жаңатас қаласы бойынша жоспарлы 12 938 тонна мазут жеткізілді. Бүгінге 55 тәулікке жететін 3380 тонна мазут бар.

Жылыту маусымы кезеңінде жылу көздері мен инженерлік инфрақұрылым желілерінде 1-ші сипаттағы авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Облыстағы 9 жылу энергетика кешендері мен 593 автономды қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп, жалпы 1737 әлеуметтік нысандар (783 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт,  18 әлеуметтік арнаулы мекемелер) мен 1650 көпқабатты тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілді.

Бюджеттік мекемелердің автономды қазандықтары үшін жоспарлы 66,2 мың тонна көмір, тұрғындар үшін 149,3 мың       тонна көмір толық қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні көмір тұйықтарында 8,7 мың тонна көмір қоры бар.

Жылыту маусымы кезеңінде облыс өңірлерінде көмір тапшылығы болған жоқ.

Жылу энергетика кешендері қажетті мөлшерде отынның резервтік қорымен қамтылды («ЖГРЭС» АҚ – 10,0 мың тн, «ТЭО» АҚ – 1,8 мың тн, «Жамбыл-Жылу» МКК – 340 тн, «Игілік» МКК – 485 тн мазут, «Шу-Жылу» МКК – 548 тн көмір).

Ағымдағы жылы отын-энергетика кешендерімен 1,250 млрд.  текше метр газ тұтыну жоспарланып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалымен шарт жасалды.

Жалпы, облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауға алынған. Барлық отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидаларына сәйкес жылу жүйесіне берілетін жылу температурасы 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша анықталады.

Барлық отын-энергетика кешенлеріндегі температуралық кестенің сақталуы тұрақты бақылауда.

ҚР ҚНжЕ сәйкес тұрғын үй-жайдың бөлмесіндегі ауаның есептік температурасы +20ºС, кіреберістер мен дәліздерде +16ºС құрауы қажет.

Сенім телефондары арқылы және әлеуметтік желілерге келіп түскен тұрғындардың арыз-шағымдарына тұрақты мониторинг жүргізіліп, кері байланыс орнатылған. Өтінімдерге сәйкес уәкілетті органдармен құрылған жұмыс тобымен жергілікті орынға шығып, жылу жүйелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жылу беруші ұйымдардың диспетчерлік қызметтері тәулік бойы қызмет атқаруда («Таразтрансэнерго» МКК                                т. 34-37-28, «Таразэнергоорталық» АҚ т. 43-04-91, «Жамбыл-Жылу» МКК т. 34-40-56).

Тұрғындар осы диспетчерлік орталықтарға немесе 109-қызметіне тікелей хабарласып, өтінім берулеріне болады.

Жалпы, ағымдағы жылыту маусымының өту барысы Басқармамен тұрақты бақылауға алынған.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар