Облыс бойынша отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары мерзімінде аяқталып, жылу беруге толық дайындалды.
Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына орай бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары мен облыс тұрғындарына жоспарланған көмір көлемі 206,1 мың тоннаны құрайды, бүгінгі күнге 83,3 мың тоннасы жеткізілді (40,5%).
Ағымдағы жылыту маусымы 2023 жылдың 12 қазанынан басталды. ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес Жамбыл облысында жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды. Бүгінгі күнге жылыту маусымының 160 тәулігі өтті.