Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Айшабибі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Айшабибі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дерек
Айшабибі ауылдық округінде үш елді мекен (Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл) бар. Аула саны - 1107, халық саны – 5590 адам.

Айшабибі ауылдық округінде үш елді мекен (Айшабибі, Қаратау, Әулиекөл) бар. Аула саны - 1107, халық саны – 5590 адам.

Әлеуметтік саласы бойынша округ аумағанда жалпы 13 нысан қызмет жасауда. Атап айтқанда әкімшілік ғимарат -1, білім саласында - 6, денсаулықта -3, ветеринариялық пункт-1, мал сою алаңы-1, биотермиялық шұңқыр-1, пошта байланыс-1.

Бүгінгі күні округ аумағында Айшабибі  орта мектебі - 640 орын, 2022-2023 оқу жылында 780 оқушы білім алды, оның 39 оқушысы 11 сыныпты аяқтады, 26 оқушы білім гранты иегері атанды. 2023-2024 оқу жылында 790 оқушы білім алуда, оның 49 оқушысы 11 сынып оқушылары. Мектепте 88 мұғалім жұмыс жасайды.

№7 орта мектебі – 300 орын. 2022-2023 оқу жылында 380 оқушы білім алды, оның 39 оқушысы 11 сыныпты аяқтады, 17 оқушы білім гранты иегері атанды. 2023-2024 оқу жылында 372 оқушы білім алуда, оның 12 оқушысы 11 сынып оқушылары. Мектепте 47 мұғалім жұмыс жасайды.

Т.Рысқұлов орта мектебі - 120 орын 2022-2023 оқу жылында 159 оқушы білім алды, оның 5 оқушысы 11 сыныпты аяқтады, 4 оқушы білім гранты иегері атанды. 2023-2024 оқу жылында 159 оқушы білім алуда, оның 9 оқушысы 11 сынып оқушылары. Мектепте 41  мұғалім жұмыс жасайды.

Әулиекөл бастауыш мектебі - 20 орын. Бұдан бөлек 140 орындық «Қарлығаш»  бөбекжайы, жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ашылған 75 орындық «Ақжүрек» бала бақшасы және 50 орындық шағын орталық мектепке дейінгі тәрбие беруде.

Сонымен қатар денсаулық саласында Айшабибі ауылында 2014 жылы пайдалануға берілген 4 төсекке арналған дәрігерлік амбулатория, Қаратау ауылында 2013 жылы пайдалануға берілген 4-5 адам қабылдауға арналған медициналық пункт, Әулиекөл ауылында 2019 жылы пайдалануға берілген 4-5 адам қабылдауға арналған медициналық пункт.

Айшабибі ауылдық округінде Айшабибі мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде би, күрес, ақындыққа баулу үйірмелері бар. Айшабибі ауылындағы кітапханасында - 9606 кітап, оның ішінде - 4711 дана қазақ тіліндегі кітап қорымен жабдықталған, оқырман -900. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Айшабибі ауылдық кітапханасы жаңынан цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған.

Округ аумағында ірі «Азия Газ» компрессорлық станциясы, «АЭК-АСА» күн электр станциясы, «Суперфарм» ЖШС, 3 құм-шағал өндіру карьерлері, 1 кірпіш зауыты, 1 асфальт зауыты, 4 жанар-жағар май станциясы мен 38 шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс атқарады.

16 азық түлік дүкені, 2 құрылыс материалдар дүкені, 2 дәмхана, 4 жанармай құю станциясы, 1 дәріхана, 1 ветаптека, 2 шаштараз, 1 наубайхана, 1 жанармай ауыстыру, 1 көлік жуу орны, 1 жемхана, 4 құмблок шығару цехы, 4 газ құю станциялары.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында округте жалпы  1 спорт кешені, 1 үлкен футбол стадион алаңы, 2 кіші футбол алаңы, 3 спортзал бар.

2023 жылы Айшабибі ауылында «Жомарт Түлек» жобасы бойынша ауыл тұрғыны өз қаражатына 1 кіші футбол алаңын ашты.

Қаратау ауылында кіші футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. (жоба құны 16 млн 258 мың тг)

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп облыс әкімінің қатысуымен ашылу салтанаты өткізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

(жоба құны – 325 млн. теңге).

Округте жалпы 1665 бала спорттың 9 түрімен айналысады. (жүйелі түрде спортпен шұғылданатындар, барлық жастағы-29 пайыз)

Спорт нысандарына кіру тегін арнайы кесте бекітіліп жастардың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған.

Айшабибі ауылдық округі бойынша барлық аула толық газбен қамтылған.

Елді мекенде барлығы 278 шаруа қожалығы тіркелген.

Жер көлемі 65544 га, (оның ішінде, ауыл шаруашылығы жерлері – 47359, оның ішінде: егістік – 8220 га, суармалы – 4537 га, суарылмайтын – 3507 га.) жайылымдық –37961 га, елді мекен жерлері – 3095 га., өзге жерлер – 135,83 га))

2023 жылдың  қорытындысымен  тұрақты жұмысқа-71, жастар практикасы -6, ақылы қоғамдық жұмыс-107, күміс жас-6,  алғашқы жұмыс орын-5, электрондық еңбек биржасы бойынша  оқыту-11, бастау бизнес жобасы-34, Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант -5.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар