Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тарифті инвестицияға айырбастау

Тарифті инвестицияға айырбастау
ашық дерек
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.

Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 55 түрін көрсететін 38 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:

  • сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
  • сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 9 ТМС
  • табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
  • суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 16 ТМС;
  • кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 6 ТМС;

- электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтері – 1 ТМС.

2023 жылдың басынан бері Департаментке 26 табиғи монополиялар субъектілерінен 70 тарифті бекітуге 70 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі тұралы 6 хабарлама келіп түсті.

Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 37 өтінім бойынша 37 тариф бекітілді, 18 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 4 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 3 өтінім қаралуда, 8 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылды.

Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 4 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.

Департамент субъектілердің 2022 жылға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша талдау жүргізілді, осылайша талдау нәтижелері бойынша 15 субъектіге - 355 280 600 теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілді.

Жоғарыда айтылғандай, Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта 2023 жылы Департамент тарапынан ауқымды жұмыс жасалды деп айтуға болады. Осы кезеңде 5 тұлғаға 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Атап айтқанда:

- бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда нарығында шекті бағалардан асырғаны үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ЖК «Саров Аюб Губаровичке» қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотта қаралған және 345 000 теңге көлемінде айыппұл салынды;

- техникалық шарттарды беру мерзімін бұзғаны үшін «ЖЭЖ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотта қаралып, 5 520 000 теңге айыппұл салынды;

- инвестициялық бағдарламаны тиісті түрде орындамағаны үшін «Жамбыл су» МКК мен «Таразтрансэнерго» МКК-на қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, қысқартылған іс жүргізу түрінде жалпы сомасы 3 312 000 теңге айыппұл салынды;

- бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін заңсыз көрсету дерегі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, «Жібек жолы» ШҚ-на қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және 422 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл істер қазіргі уақытта сот қарауында.

Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, тарифтік сметаны орындамағаны үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ-на қатысты 2022 жылы қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің негізінде қаулы шығарылып, аталған субъектіге 4 900 800 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Департаментпен 2023 жылғы 12 айда табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, Департаментпен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру»;

2) «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру»;

3) «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру»;

4) «Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару»;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы        5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес, Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

2023 жылдың 12 айында Департаментпен 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды:

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» - 3;

«Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру» - 1;

 «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» - 1;

«Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару» - 17.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны – 1.

Бүгінгі күнге атқарып жатқан ен маңызды жұмыстың бірі ол тұтынушылардың  назарына табиғи монополиялар субъектілерінің жасап жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын, сол жұмыстардың нәтижесін жеткізу және Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен 2023 жылдың басынан бері депутаттардың, «Amanat» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестігінің, бұқаралық – ақпарат құралдарының өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен  86 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді, оның ішінде                   12 – тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы,  23 – жария тыңдау,                    14  – семинар,   8 – кеңес, 4 – дөңгелек үстел, 4 – брифинг, «Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңа тариф саясатын іске асыру бағытында       5 отырысы, тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар саласындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 16 отырысы өткізілді.

Сондай-ақ, тұтынушыларды атқарылып жатқан жұмыс және қабылданған шешімдер бойынша хабардар ету мақсатында Департамент қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргізілді: барлығы 245 материал жарияланып, сұбхаттар берілді, оның ішінде газеттерде – 37, Комитеттің  сайтында – 94, «Jambyl» облыстық телеарнасында және радиода – 17, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде - 97.

2023 жылдың басынан Департаментке 1572 құжат келіп түсті, оның ішінде 1300 құжат бақылауға алынды, шығыс құжаттың саны – 1577, барлығы белгіленген мерзімде орындалды.

Сонымен қатар, 2023 жылы Департаментке 460 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті,  жеке тұлғалардың – 415 (90%), заңды тұлғалардың өтініші – 45 (10%), оның ішінде 376 – өтініш (82%), 38-шағым (8%), 46 – басқалар (10%).  Өтініштердің қаралу нәтижелері бойынша   10 - қаңағаттандырылған, 353 – түсініктеме берілген,  42 – қаралуы тоқтатылған,    53 – басқа мемлекеттік органдарға жолданған, қаралуда – 2.  Барлық өтініштер тиісті мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен немесе орындалу мерзімдері сақталмаған немесе  қайта түскендері болған жоқ.

Департамент жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар