Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мойынқұм ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Мойынқұм ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дерек
2023 жылдың соңына дейін 18 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген.

Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен  18 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, немесе 100%

Ақылы қоғамдық жұмысқа 18 адамға жолдама берілді, оның ішінде 2 тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

2023 жылдың қорытындысымен Мойынқұм округіне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 10 млн. 973 мың теңге бөлініп, 26 отбасының 146 мүшесіне , оның ішінде 45 балаға – 1 млн. 769 мың теңге  көлемінде  балалар тағамы және жуғыш заттарға арналған мемлекеттік әлеуметтік пакет тағайындалған, 25  адамға - өмірлік қиын жағдайына байланысты: туберкулез, онкология аурулары бойынша  мемлекеттік көмек тағайындалды.

Мүгедектігі бар- 9 адам қажетті арнайы гигиеналық құралдармен, 4 адамкресло-арбамен, 44  адам  жеке  көмекшімен (әлеуметтік қызметкермен), 1 адам – санаторлық курорт емдеумен қамтамасыз етілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы қаралуда. Жалпы округ аумағында  790 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 700 жеке кәсіпкерлік және 90- шаруа қожалығы.

   .

«Кәсіпкерлік бөлімі»

Сонымен қатар, жыл басынан бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 973 млн. 945 мың теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 101 пайызға орындалды.

Округтің жалпы бюджеті 243 млн 298 мың теңгені құрап отыр. Жыл басынан осы кезеңге дейін ауылдық округте бюджеттің кіріс жоспары 28 млн. 004 мың теңге болса, нақты түсім 41 млн. 488 мың 032 теңгені құрады. Жалпы бюджет шығындарының атқарылуы 148 пайыз қамтамасыз етілді.

Ауылшаруашылық саласында-  

Округтегі мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артып отыр. Жыл басынан өндірілген ет көлемі 0,18 пайызға, сүт өнімі 0,7 пайызға, жұмыртқа 20 пайызға артқан.

Жалпы округте 13 000 бас мүйізді  ірі қара, 26 064 бас қой-ешкі, 2 607 бас жылқы, 157 түйе, 7 032 үй құстары бар. Өткен жылға қарағанда мал санында өсімі 40 пайызға өсті.

«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Мойынқұм ауылында 8 көшеге асфальт жабындысы төселуде,  жалпы соммасы 167 млн 821 мың тенгені құрайтын жұмыстарды мемлекеттік  сатып алу порталы арқылы тіркелген, тендер  жеңімпазы «DAUREN BUILD» ЖШС  компаниясы жұмыстарын атқарды..

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында округ бойынша  барлығы  6 қылмыс (2022 жылы 16 қылмыс) орын алды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 қылмысқа немесе 37,5 пайызға кеміген.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  қылмыс тіркелмеген, жол апаты бойынша 3 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 3 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құрады.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар