Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралған.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны басталғалы бері 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланғанын айтты.
«Қазір 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пунктерін қоныс еткен. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
- авторZhambylokq
- 9 қаңтар, 2025