Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер
- author Zhambylokq
- 25 сәуір, 2024
- 127
Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен 8 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, немесе 100% оның ішінде 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2023 жылдың қорытындысымен Жамбыл округіне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке бір отбасы өтініш білдіріп, сол отбасының 7 мүшесіне , оның ішінде 5 балаға – 72 мың теңге көлемінде балалар тағамы және жуғыш заттарға арналған мемлекеттік әлеуметтік пакет тағайындалған. 1 адамға - өмірлік қиын жағдайына байланысты: туберкулез аурулары бойынша мемлекеттік көмек тағайындалды.
Мүгедектігі бар- 6 адам қажетті арнайы гигиеналық құралдармен, 2 адам оңалту орталығына , 5 адам протез-ортопедиялық құралға, 2 адам санаторлық курорт емдеумен қамтамасыз етілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы қаралуда. Округте барлығы 45 жеке кәсіпкерлік және 33- шаруа қожалығы.
Округтің жалпы бюджеті 56 млн 430 мың теңгені құрап отыр. Жыл басынан осы кезеңге дейін ауылдық округте бюджеттің кіріс жоспары 2 млн 607 мың теңге. Жалпы бюджет шығындарының атқарылуы 100 пайыз қамтамасыз етілді.
Ауылшаруашылық саласында- Жалпы округте 4900 бас мүйізді ірі қара, 11000 бас қой-ешкі, 1482- бас жылқы, 227-түйе, 975- үй құстары бар. Өткен жылға қарағанда мал санында өсімі 10 пайызға өсті.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
Округ бойынша 2023 жылы аса ауыр қылмыстар және жол апаты, бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыс тіркелмеген.