Балуан Шолақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
- author Zhambylokq
- 30 сәуір, 2024
- 109
Балуан Шолақ ауылы бойынша халық саны – 1952 адам, оның ішінде: экономикалық белсенді 680 адам, немесе 50 пайызды құрайды.
Аула саны – 354 түтін. Ер адамдар – 679, әйелдер – 674, зейнеткерлер – 189, мүгедектер – 40, алтын алқа иегерлері – 21, күміс алқа иегерлері – 17.
Ауылдық округ бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер алуға өтініш қанағаттанарлық, кезекке тұрған азаматтар жоқ.
2023 жылға жер, мүлік, көлік салықтарын жинау бойынша мүлік, көлік салығын жинау 103 пайызға орындалды.
Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 19 бабына сәйкес, жұмыс тұрақты атқарылуда. 2023 жылы әскери борышын өтеуге кеткендер саны - 3 азамат .
Ауыл бойынша 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған- 4 отбасы, 8 адам, 1 014 671 мың теңге бөлінді.
Ауылдың жалпы жер көлемі – 100 815 гектар. Егістік жерлері – 2821 гектар, оның ішінде – суармалы егістік – 556 гектар, жайылымдық жер – 52100 гектар.
МІҚ- 2860 бас, Жылқы - 1671 бас , Қой- ешкі - 36655 бас, үй құсы- 2900 бас. Ветеринарлық мал дәрігері мал ауруларына қарсы профилактикалық жұмыстарын уақытысымен жүргізіп отырады. Мал емдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.
Ауылда азық-түлікпен тұрақты түрде 6 азық –түлік дүкені қамтамасыз етеді. 2023 жылы ауыл тұрғыны өз қаражат есебінен дәріхана құрылысын жүргізіп, жұмыс істеуде.