Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысының қала сыртындағы балалар жазғы сауықтыру ұйымдары

Жамбыл облысының қала сыртындағы  балалар жазғы сауықтыру ұйымдары
ашық дерек
Жамбыл облысының аумағында 11 қала сыртындағы маусымдық жазғы балалар сауықтыру лагері және 1 жыл бойы балалар сауықтыру лагері бар, оның ішінде: 5 мемлекеттік, 2 жеке заңды тұлғалардың сенімгерлік басқаруына берілген және 5 жеке меншік сауықтыру лагері.

2024 жылдың жазғы кезеңінде 6 қала сыртындағы маусымдық лагері мен 1 жыл бойғы лагері жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Білім басқармасының алдын ала деректеріне сәйкес, облыс бойынша қала сыртындағы лагерьлерде 7454 баланы, тамақтандырумен мектеп жанындағы лагерьлерде 36259 оқушыны және мектеп жанындағы алаңдарда 129000 оқушыны сауықтыру жоспарлануда.

Лагерьдің жұмысқа дайындығы лагерьдің санитариялық ережелер талаптарына сәйкестігін бағалаумен, балалардың тұруына, тамақтануына, медициналық қызмет көрсетуіне оңтайлы жағдай жасаумен анықталады.

Лагерьлерге кіру олардың дайындығына қарай және объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресми түрде алғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс. 

Жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Эндемиялық аймақтардағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуға байланысты талаптар қойылады.

Балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеу қажет. Балаларды сауықтыру ұйымдарына қабылдау денсаулық жағдайы туралы құжат болғанда жүзеге асырылуы тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың және жаппай тамақтан уланудың алдын алу және балалардың сауықтыру лагерьлерінде сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында келесі ережелерді сақтау қажет:

- ас блогында технологиялық процестердің бірізділігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстың қарсы ағындарына жол берілмейді;

- тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады;

- тыйым салынған өнімдерді дайындауға және пайдалануға жол берілмейді;

- барлық инженерлік желілер мен технологиялық жабдықтар жұмыс жағдайында болуы қажет;

- ас блогының қызметкері жеке бас гигиенасын сақтауы қажет және балалардың ата-аналарымен, қызметкерлермен инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар