Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер

Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер
ашық дерек
Бүгінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны 250 700 құрайды. Оның ішінде: Тараз қаласында – 133211; Байзақ ауданында – 16520; Жамбыл ауданында – 20460; Жуалы ауданында – 7449; Қордай ауданында – 27516; Меркі ауданында – 15504; Мойынқұм-675, Сарысу – 1959, Талас-965, Т.Рысқұлов ауданында – 11421; Шу ауданында – 15020.

2005-2024 жылдары аралығында жалпы 40828 жер телімдері берілген, оның ішінде 2015-2024 жылдары нақты 50 алқап учаскеге саны 18160 жер теліміне инфраструктура жүргізілген. 2024 жылға 2900 жер телімін беру жоспарланған.

          Тараз қаласы аумағына енген «Элеватор (Асқаров көшесі соңы), 312 га», «Қарасай, 126,6 га», «Қамуқат, 126 га» алқаптарында тұрғын алқабын орналастыру мақсатында 17 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №1036 қаулысы қабылданған.

         Жер учаскесінің мерзімі өтуіне және оны тиісті мақсатта дер кезінде игерілмеуі (құрылыс жұмыстарын жүргізбеуі) үшін мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің саны 236.

Облыстың жер қоры тұрғындар санына шаққанда 13,5 га айналады. Соған қарамастан, заңмен белгіленген бір жолғы тегін берілуі тиіс 0,10 га жерді бере алмауымызды халық түсінбеуде. Осы сұрақпен Басқармаға келушілер немесе осы сұрақты түрлі деңгейдегі жиында қоюшылар саны өте көп.

Бұл орайда мәселенің мәнісі жердің жетпей жатуында емес, заңға енгізілген өзгерістерге байланысты;

Біріншіден - құрылыс жүргізуге жер учаскесін беру ушін елді мекенді дамытудың Бас жоспары және жоспарға сәйкес құрылыс жүргізудің егжей-тегжейлі жоспары (план детальной планировки) болуы шарт.

Екінішіден - құрылыс жүргізуге бөлінген алаңдарға (массивтерге) алдымен инженерлік инфрақұрылым (жарық, су, газ, жол) желілері тартылуы керек. Осы мәселені халыққа дұрыс жеткізуді және түсіндіре білуіміз қажет.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар