Дүние жүзілік донор күніне орай облыстық қан орталығының атқарған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 10 маусым, 2024
- 167
Дүниежүзілік донор күнінің бастамашылары ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Федерациясы (бүкіл әлем бойынша еріктілерді біріктіретін гуманитарлық қозғалыс), Халықаралық қан донорлары Федерациясы және халықаралық қан құю қоғамы сияқты маңызды ұйымдар болды. Бұл ұйымдардық қай-қайсысы да адамдарды ерікті және тегін қан тапсырып, жақсылық жасауға шақырады. Осы күні біз адам өмірін құтқару үшін қажетті қанды өз еркімен және өтеусіз тапсыратын адамдарға алғыс білдіреміз, акциялар ұйымдастырамыз. соның арқасында адамзат үнемі қан тапсыру қажеттілігі туралы жан-жақты хабардар болады.
Бүкіл әлем 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді. «Дүниежүзілік донор күнін» мерекелеу аясында 2024 жылғы 12 маусымда Жамбыл облыстық қан орталығында сағат 10.00-де салтанатты іс-шара, сондай-ақ құрметті донорларды марапаттау өтеді.
Бүгінде республика бойынша қан қызметін 19 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде 2 республикалық бағытта - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Республикалық қан орталығы, 15 облыстық қан орталығы және 2 қалалық қан орталығы (республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы және Шымкент қалаларында).
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының қан қызметінің клиникалық трансфузиологиясы медициналық ұйымдардың жанындағы 21 трансфузиология кабинетімен ұсынылған. Қанның ерікті донациясы ҚР қан қызметінің басым индикаторы болып табылады және оның ұлғаюы қанның сапалы, қауіпсіз компоненттерін дайындауға және беруге ықпал етеді.
Беделді шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның қан қызметі әлемнің дамыған елдерінің қан қызметтерінен кем түспей, өз дамуында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.
Жыл сайын Жамбыл облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін 14 000-нан астам адам жүгінеді. Жамбыл облысы бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы қан мен оның компоненттерін донациялаудың үлесі орта есеппен 8,7% (8 қан донациясы) республикалық көрсеткіш – 12,0% (12 донация) құрайды. Қан донациясы 100% ерікті және өтеусіз негізде жүргізіледі. Жылына Жамбыл облыстық қан орталығы қанның әртүрлі компоненттерінің шамамен 25000 мың дозасын дайындайды. 2023 жылы 11 569 доза құрамында эроциттер бар компоненттер, 1 378 доза аферезді вирусиноктевирленген тромбоциттер, 11 820 доза плазма, 814 доза криопреципитат, 2 361 доза пулулирленген плазма дайындалды. 2023 жылы барлық түрдегі қан компоненттері 2022 жылмен салыстырғанда 2,5% - ға артық берілді.
2023 жылдың басынан бастап қан орталығының ресми электрондық сайтында www.tarazdonor.kz «Донордың жеке кабинеті» опциясы орнатылған және жұмыс істейді, оған донор өзінің жеке телефон нөмірі арқылы кіре алады. Жеке кабинетте ол зертханалық нәтижелер туралы ақпаратты немесе қан тапсыруға, терапевтке донацияға жазылуға болатын ақпаратты таба алады. Сайт тәулік бойы қол жетімді.
Қан орталығы 24 емдеу-профилактикалық ұйымды қан компоненттерімен қамтамасыз етеді, олардың арасында ірі кардиологиялық клиникалар (Жошыбаев кардиохирургия және трансплантология ғылыми - клиникалық орталығы және Жүрек кардиохирургия клиникасы) бар. Соңғы 3 жылда медициналық ұйымдарда қанның әртүрлі компоненттерінің шамамен 51 мың дозасы құйылған, 10 мыңнан астам пациенттің өмірі сақталды. Қанның ерікті донациясы ҚР қан қызметінің басым индикаторы болып табылады және оның ұлғаюы қанның сапалы, қауіпсіз компоненттерін дайындауға және беруге ықпал етеді.
- Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:
Тараз қ, Әл-Фараби көшесі 2 Б, байланыс телефондары: 54-47-22, 87088364309