Т.Рысқұлов атындағы саябақ пен «Көне Тараз» кешеніне 20 бейнебақылау камералары орнатылды.
Құны 200 млн.теңгені құрайды. 2024 жылдың соңына дейін «Freedom Telecom» ЖШС есебінен техникалық қолдау қарастырылған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Облыстық
цифрлық технологиялар басқармасының
басшысы Руслан Нокрабеков хабарлады.