2. 2024 жылы ауданда 3653 адамды белсенді шаралармен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 маусымына қамтылған азаматтар саны 1 583 адамды немесе 43,3 % құрады.
Орташа айлық жалақы 2024 жылдың 1 тоқсанында 291 059 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 27,7%-ға жоғары.
211 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (1 054 адам). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы саны 79-ға азайды (2023ж. 290 отбасы).
Бүгінгі күнге 1 123 жұмыссыз азамат есепте тұр, 2023 жылы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 % төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр.
3. Қылмысқа қарсы күрес
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында жалпы 61 құқықбұзушылық тіркелді (2023 ж. – 55 құқықбұзушылық). Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 6 көрсеткішке жоғарылаған.
4. Тұрғындармен кері байланыс
2024 жылға Сарысу ауданы мен қала және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесудің арнайы кестесі бекітілген.
Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықпен 20 кездесу (10-ы аудан әкімімен, 10-сы а/о. әкімдерімен) өткізілген.
Кездесулерге барлығы 2 мыңнан аса тұрғын қамтылып, 45 мәселе көтерілген. Оның 78%-ы (35 мәселе) өз шешімін тапқан.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді орындау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуы бақылауға алынған.