Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
ашық ақпарат
Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттары қаңтар-мамыр айлары бойынша аттқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

        2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 4725,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 54,7%-ды құрады (2023 жылы 10977 млн. теңге, НКИ-102,2%).

Өнеркәсіп өнімінің төмендеуіне "Меркі қант зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоқтап туруы тікелей өз әсерін тигізуде. Себебі аудандағы өндіріс көлемінің 70%-ға жуығы осы кәсіпорынға тиесілі. Өндіріс көлемінің төмендеуі шикізат тапшылығына байланысты. 2024 жылдың                        4 айында 1 млрд. 619,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,8 мың тонна қант шығарылды, 2023 жылмен салыстырғанда өндірілген қант көлемі 13,4 мың тоннаға немесе 69,6 %-ға азайған (2023 ж.- 8 млрд. 48,6 млн. теңгеге, 19,1 мың тонна қант өндірілді).

       2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5683,3 млн. теңгені немесе НКИ 101,5 %-ды құрады (2023 жылы 6418,7 млн. теңге, НКИ-100,7%).

Оның ішінде: Өсімдік шаруашылығы бойынша 32,1 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 100,0 %  құрады (2023 жылы           134,5 млн. теңге, НКИ- 100,0 %).     

   Мал шаруашылығы бойынша 5651,2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,6 %  құрады (2023 жылы 6284,2 млн. теңге, НКИ- 100,8 %).     

      Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 364 басқа (50525 бас, 100,7%), қой-ешкі 10 мың 506 басқа (317584 бас, 103,4 %),  жылқы 3 мың 251 басқа (19863 бас 119,6 %) көбейды.  Ал, түйе 63 басқа (104 бас, 62,3 %),  құс                   8 мың 397 басқа (49518 бас, 85,5 %) кеміді.

      Есепті кезеңде 9292,1  тонна сүт (2023 ж. - 9111,0 тн.), 2929,5 тонна ет (2023 ж. - 2919,5 тн.), 581,3 мың/дана жұмыртқа  (2023 ж. –              580,9 мың/дана)  өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген сүт 181,1 тоннаға, ет 10,0 тоннаға жұмыртқа 0,4 мың/данаға өскен.

     2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9251,9 млн. теңгені немесе                   НКИ 133,6 %-ды  құрады (2023 ж. – 6881,5 млн. теңге, НКИ – 119,9%).

Оның ішінде: бюджеттік қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі 2564,9 млн. теңге (2023 ж. – 1156,8 млн. теңге), жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі –                  6686,9 млн. теңге (2023 ж. – 5712,5 млн. теңге).                   

       Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджеттік инвестициялар 2,2 есеге, жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестициялар көлемі 17,1 %-ға өскен.

     2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 5342,6 млн. теңгені немесе НКИ 6,7 есеге ұлғайды (2023 жылы 792,5 млн. теңге,  НКИ-43,3%).

     2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 18640 шаршы метрді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0 %-ды құрады (2023 жылы 18280 шаршы метр, НКИ-101,3%).

     2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 6904,0 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,4%-ды құрады (2023 жылы         5939,2 млн. теңге, НКИ-110,5 %).

      2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан бюджетінің кіріс бөлігі бойынша жоспардағы 3197,1 млн. теңгенің орнына 4123,3 млн. теңге түсіп, 129,0%-ға орындалды.

        Меншікті кірістер бойынша жоспардағы 1456,0 млн.теңгенің орнына 2382,1 млн. теңге түсіп, 163,6 %-ға орындалды,  926,1 млн. теңге жоспардан артық түскен. (2023 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда,  меншікті кірістердің  өсімі  110,0%-ды  құрап, 218,0 млн. теңгеге артқан.) 

        Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы                                    3486,8 млн.теңгенің орнына 3470,6 млн. теңгесі игеріліп, 99,5 %-ға орындалды немесе игерілмеген қаражат 16,2 млн.теңге. 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар