Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті

Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті
ашық дерек
Маңғыстау облысында Құрық ауылын Жетібай ауылымен жалғап, жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Құрық теңіз портына апаратын «Құрық-Жетібай» жолы еліміз үшін өте маңызды көлік бағыты Транскаспий халықаралық дәлізіне шығуға мүмкіндік береді. Жол пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзит жүктер Құрық портына тікелей барады. Егер бұрын тасымалдаушылар Ақтау қаласының ішімен жүруге мәжбүр болса, енді теңіз айлағына Жетібай ауылы арқылы тікелей бара бермек. Бұл уақыт үнемдейді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

«Жол 50 жыл бойы жөндеуді қажет етті. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс барысында отандық материалдар қолданылды. Күре жол пайдалануға берілгеннен кейін Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізіне еліміздің аумағы бойынша шығу уақыты 2 сағатқа қысқарады», - деп атап өтті көлік министрі Марат Қарабаев.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мамандар теміржол арқылы өтетін өткел, үш мал айдау өткелін, жолды уақытылы күтіп-ұстауға мүмкіндік беретін база мен 18 су өткізу құбырын орнатты.

Күрделі жөндеу жұмыстары жолдың өткізу қабілетін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар