ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жоба қолға алынды
- author Zhambylokq
- 24 шілде, 2024
- 319
Аталған жобаларды жүзеге асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
24 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ «ADC TAZA А'LEM» ЖШС биогаздан электр қуатын өндірумен ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастау рәсіміне қатысты.
Жоба жылына 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, ірі көлемдегі қалдықтарды сұрыптауды 120 мың тонна/жыл, органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді – 80 мың тонна/жылына қарастырады. 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қалдықтарды басқару саласындағы мұндай жобалардың толық жүзеге асырылуы аймақтардың экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






