Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде шамамен 5,8 млн еңбек шарты тіркелген

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде шамамен 5,8 млн еңбек шарты тіркелген
ашық дерек
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде шамамен 5,8 млн еңбек шарты тіркелген. Оның ішінде 1,9 млн-ға жуығы 2024 жылы тіркелді, оның 5 мыңнан астамы HR Enbek порталында электрондық форматта жасалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері HR Enbek порталының функционалдығы едәуір кеңейді – жұмыс берушілер үшін де, жұмыскерлер үшін де жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 жылдан астам еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш бере отырып, еңбек шартын бұзу және жеңіл жұмысқа ауыстыру функционалы іске қосылды.

Бүгінгі күнде HR Enbek порталында осы бағыт бойынша мүмкіндіктер арта түсті. Мәселен, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, АӘТ алуға ниет білдірген жұмыскер HR Enbek порталындағы жеке кабинетінде немесе Enbek HR мобильді қосымшасында тиісті төлемнің алдын ала есептеулерін жүргізе алады.

Өз кезегінде, жұмыс беруші АӘТ тағайындауға жіберілген сұрау салулар бойынша деректерді, олардың мәртебесін көре алады, зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндермен еңбек шартын бұзуды немесе жұмыскерлерді төлем тағайындау үшін жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы қосымша келісімді тіркей алады. Жеке кабинетте жұмыс берушілерге өзінің жұмыскерлері үшін жүзеге асыратын АӘТ бойынша төлемдер күнтізбесі қолжетімді.

Сондай-ақ, HR Enbek-те «Еңбек жағдайлары» анықтамалығы кеңейтілді. Енді жұмыс беруші өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне, сондай-ақ жұмыс орнын аттестаттау туралы ақпаратқа сәйкес жұмыскерлермен еңбек шарттарын тіркей алады/толықтыра алады.

2024 жылғы 7 маусымнан бастап жұмыс берушілер таяу шетелден келген еңбекші көшіп келушімен электрондық форматта еңбек шартын жасасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай шарт классикалық ресімдеу форматымен қатар заңды күшіне ие болады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар