Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесі

Жамбыл облысын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесі
ашық дерек
Жамбыл облысында 29 газ желісі ұйымы, 217 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады.

Бүгінге газ қондырғысымен жабдықталған тіркелген көліктердің саны 29 437 бірлікке артып отыр.

Өткен жылғы кезеңмен (23 888) салыстырғанда 5 549 бірлікке өскен (2021 жылы газ қондырғысымен жабдықталған көліктер саны – 13 639 бірлік).

Бұл ретте, жыл сайын автокөліктердің газ қондырғысына ауысуының өсу динамикасы байқалуда.

Облыс аумағы арқылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік жолының 558 шақырымы өтеді, сондай-ақ, еліміздің оңтүстік бөлігін солтүстік, батыс, шығыс аймақтарын байланыстыратын транзиттік облыс болып табылады.

Жаз мезгілі кезінде транзиттік облыс болуына байланысты жүк, жолаушы және шет елдерінде тіркелген көліктер автокөліктерінің қарқындылығы екі есе артатынын және олар сұйытылған мұнай газын пайдаланатынын ескеру қажет.

Бүгінгі жағдайда Жамбыл облысы үшін сұйытылған мұнай газының айлық қажеттілігі 8,0 - 8,5 мың тоннаны құрайды.

ҚР Энергетика министрлігі тарапынан Жамбыл облысына ағымдағы жылдың 3-тоқсанына жалпы 17,6 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде:

  • шілде айына - 5 630 тонна;
  • тамыз айына - 6 401 тонна;
  • қыркүйек айына - 5 567 тонна.

Тамыз айына бөлінген 6 401 тонна сұйытылған мұнай газының 4 102 тоннасы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытынан,                                   2 299 тоннасы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытынан тасымалданады.

Бұдан бөлек, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытынан (Шымкент қ.) шілде айына қосымша 972 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді.

Бұл сұйытылған мұнай газы зауыттан Тараз қаласының станциясына 2 тәулік ішінде жөнелтіледі (31 шілде - 1 тамыз). Бүгінгі күнге 27 вагон-цистерналарының келуі күтілуде.

Осы орайда, өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газын жөнелтуді жеделдету қажет.

Сондай ақ, тамыз айына «Тенгизшевройл» ЖШС обысымызға коммерциялық бағамен 2 523 тонна сұйытылған мұнай газы келуі жоспарлануда.

Бұл ретте, қазіргі таңда 3 вагон-цистернада
108 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнелуде. Бұл вагондар жақын уақытта жеткізіліп, автогаз құю станциялары арасында толыққанды бөлінетін болады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 252 тонна сұйытылған мұнай газы бар.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар