Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Дарынды оқушылардың жеткен жетістіктері және «Мектепке жол» акциясы

Дарынды оқушылардың жеткен жетістіктері және «Мектепке жол» акциясы
ашық дерек
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Лаззат Абильдақызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Дарынды оқушылардың жеткен жетістіктері және «Мектепке жол» акциясы»  тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында облыс оқушыларының жеткен жетістері баяндалып, «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылу барысы айтылды.

Дарынды оқушыларымыз биылғы жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 467 медальді иеленді. Оның ішінде 57 медальді Халықаралық білім жарыстарында алды.

2023-2024 оқу жылында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі Тараз қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. ISEF-2024 Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесіне сәйкес өткізілген байқауға Қазақстанның әр облысынан 912 оқушы қатысты.

Аталған байқауға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 27 жас ғалым (3 алтын медаль, 8 күміс медаль, 16 қола медаль) жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде, Жамбыл облысының командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» номинациясына ие болды.

2023-2024 оқу жылында алғаш рет Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының арасында академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл мектептері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада» ұйымдастырылды. Жамбыл облысынан қатысқан 49 оқушының  22-сі (1 алтын медаль, 7 күміс медаль, 14 қола медаль) республикалық кезеңнің жеңімпазы атанды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 64 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанды (4 алтын медаль,13 күміс медаль,12 қола медаль,).

Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды.

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.

Акция аясында 2023 жылдың 1 тамыз- 30 қыркүйек аралығында жекелеген санаттағы 4127 балаға 131 млн. 294 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек көрсетілді.

Білім басқармасында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ата-аналардың өтініштерін қарастыру мақсатында «жедел желі» телефондары жұмыс істейді: 43-88-32, 43-88-25.

Осындай «жедел желі» телефондары барлық білім бөлімдерінде де қызмет етеді.

Акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар