Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. 26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, өнімділігі 250,6 ц/га құрап, 1,3 млн тоннадан асты. Бақша дақылдары - 81,6 мың га алқаптан жиналып, өнімділігі 250,4 ц/га құрап, жалпы алым 2 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылған.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.