2024 жылғы «Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметінің» атқарған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 29 тамыз, 2024
- 111
2019 жылы - 8 623 өтініш түскен, күніне 50-80 қоңырау;
2020 жылы - 80 758 өтініш түскен; күніне 150-180 қоңырау;
2021 жылы - 51 531 өтініш түскен, күніне 80-90 қоңырау;
2022 жылы - 52 854 өтініш түскен, күніне 100-110 қоңырау;
2023 жылы - 66 331 өтініш түскен, күніне 120-150 қоңырау;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін 41 563 өтініш қабылданып, 40 681 дер кезінде өңделіп, жауап ұсынылған.
Оның ішінде 21 984 оқиға, 489 арыз, 79 ұсыныс, 55 алғыс және 18 956 кеңес берілген.
Өтініштердің басым көпшілігі Call-орталыққа хабарласу арқылы түскен. 37 581 қоңырау қабылданған. Қалған өтініштер WhatsApp месенджері- 2 557 өтініш, Instagram- 1 326 өтініш, Telegram чат боты- 46 өтініш, Facebook- 44 өтініш және «Aikey» мобильді қосымшасы- 9 өтініш түскен.
Слайд №2
Сала аралық өтініштер үздігіне сәйкес жарықпен қамтамасыз ету саласы – 5 707 өтініш, ветеринариялық қызмет түрі – 4 107 өтініш, сумен қамтамасыз ету – 2 029 өтініш, көше жарығы – 1 995 өтініш, қоғамдық даму саласы – 1 802 өтініш, жол инфрақұрылымы – 1 562 өтініш, кәріз жүйесі – 832 өтініш, қоғамдық көлік – 798 өтініш, тұрмыстық қатты қалдықтар – 741 өтініш, лифт шаруашылығы – 602 өтініш түскен. 10 үздік сала бойынша 3 жыл қатарынан жарықпен қамтамасыз ету саласы мен ветеринария қызметі үздікте бірінші болып келуде.
«Jambyl 109» қызметінің мәні мен мақсаты – «109» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарының тұрмыстық сипаттағы жергілікті коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша түрлі байланыс құралдары арқылы өтініштерін қабылдау, өңдеу, облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып өтініштердің орындалуын жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда «Jambyl-109» қызметі 330 мекемемен етене тығыз жұмыс атқаруда. Оның ішінде 150 қалалық және аудандық мекеме, 99 ведомствалық және мердігерлік ұйымдар. 36 облыстық және республикалық мекемелер. Жүйеге өңірдегі қала мен аудандық бөлімдер, коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер жұмылдырылған.
«Jambyl 109» қызметінің жүйесінде халыққа 5600-ден аса қызмет түрі ұсынылуда.
Слайд №3
Түскен өтініштердің 40 681-і қанағаттандырылса, ал 253-і жұмыс барысында, оның ішінде 138-і мерзімінен кешіктірілген. Бұдан бөлек, 491 өтініштің қажеттілікке байланысты орындалу мерзімі ұзартылған.
Мекеме ережесіне сәйкес өтініштер адам өміріне қауіптілігі мен қажеттілігіне байланысты орындалу мерзімдері бар. Мысалы, ашық құдықтар мәселесін жабуға 1 күн ғана беріледі. Бұдан бөлек, шағымдар мен ұсыныстарға 7 мен 15 күнге дейін мерзім қарастырылған.
Сондай-ақ, өтініштердің «Jambyl 109» қызметінің жүйесіндегі күрделілік деңгейіне байланысты автоматты түрде орындау мерзімі қойылады.
Слайд №4
Сонымен қатар, «Jambyl 109» қызметі меморандумдық келісіміне сәйкес жауапты орындаушылар яғни, жауапты атқарушы органдар мен жекеменшік кәсіп орындар тарапынан атқарылған жұмыстар туралы дәлелді фото-бейне есептерді тіркейді және меморандум аясында міндеттеледі.
Слайд №5
Сөз басында айтқан қажеттілікке байланысты мерзімі ұзартылған 491 өтініштің қандай аудандарға тиесілі екенін слайдтан көре аласыздар. Өтініш мерзімін ұзартудың басты себептері: жауапты мекеменің тиісті өтінішті орындау үшін белгілі бір қаражатты күтуі немесе қажетті материалдардың жоқ болуы. (Слайд кесте)
Мерзімі ұзартылған өтініштер: (491)
Мұнда аумақтық бөлініске келетін болсақ. Тараз қаласында - 440, Байзақ ауданында – 17, Шу ауданында – 15, Жамбыл ауданында – 12, Жуалы ауданында – 6, Меркі ауданында – 1. Қала және аудандағы мекемелерге бөлініс слайдтан көріп тұрғандарыңыздай.
Слайд №6
Сонымен қатар, мерзімінде орындалмаған 138 өтініштің 109-ы Тараз қаласы аумағында болса, Шу ауданында 13 өтініш, Жамбыл ауданында 5 өтініш, Қордай ауданында 5 өтініш, Байзақ ауданында 4 өтініш, Талас ауданында 2 өтініш.
Слайд №7
«Jambyl 109» қызметін облыс көлемінде кеңінен насихаттау мақсатында, Жамбыл облысы бойынша 71 дана билбордтар көрнекі жерлердегі қоғамдық орындарға орналастырылды.
Сондай-ақ, Тараз қаласында қызмет көрсететін 8 тасымалдаушы мекеме «СапарТранс 2012», «Автобусный парк 2020», «Дамрус», «Саяхат-99», «ӘулиетатаТрансПасс», «Тараз Транс Моторс», «ТаразПассТранс», «Smart City Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметін ақпараттандыруға бағытталған арнайы әзірленген үнқағаздар ілінді.
Слайд №8
«Jambyl 109» қызметінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен кәмелетке толмағандар мәселелері туралы өткен кеңес отырысының №10 хаттамасының 4.2 тармағы бойынша «Jambyl 109» қызметі «Komek Stop Bullying» жобасы аясында, оқушыларға арналған буллингке қарсы сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру тапсырмасын жүзеге асыруды бастап кетті. Қазіргі уақытта жүйе бойынша психологиялық көмек орталығы мен білім басқармасы интеграцияланып, түскен өтініштер бойынша бірдей жұмыс жасау мүмкіншілігі енгізілді. Аудандық және қалалық орта білім беру ұйымдарына «Jambyl-109» қызметі туралы ақпараттар орнатылды. Қыркүйек айынан бастап түскен қоңыраулармен жұмыс жасауға дайынбыз.