Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттер
ашық
Гепатит – бауырдың қабыну аурулары. Олар бірқатар себептерден туындайды, олардың бастысы – вирустар. Көбінесе аурудың себебі болуы мүмкін үш түрі тіркеледі: "А", "В" және "С" гепатиттердің вирустары.

Бұл ретте, әртүрлі гепатиттердің клиникалық көріністерінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ бұл инфекциялардың берілу жолдары мен түпкі нәтижелері әр түрлі. Аурулардың нәтижелері де әртүрлі: "А" гепатиті жедел инфекция ретінде жүреді және созылмалы түрге өтпейді. Бірақ жедел вирустық "В" гепатитінің шамамен 15% және жедел вирустық "С" гепатитінің 70% - дан астамы созылмалы түрге өтеді.

А гепатитінің вирусы негізінен ластанған су, тамақ және лас қолдар арқылы таралады.

"В" және "С" гепатиттері парентеральды жолмен беріледі, яғни науқастан сау адамға қанды немесе оның компоненттерін құйған кезде, жеткіліксіз зарарсыздандырылған медициналық құралдары арқылы беріледі.

Осы вирустық гепатиттердің екеуі вакцинамен басқарылады, яғни вакцина егіп инфекциядан қорғауға болады.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, А гепатитіне қарсы жоспарлы егулер 2 жастағы балаларға екі рет жүргізіледі.

В гепатитіне қарсы екпе туылғаннан кейін бірден жасалады.

Жалпы, жыл сайын осы инфекциялардан облыста 23000-нан астам бала екпе алады, бірақ өкінішке орай, ата-аналар екпеге әрдайым оң көзқараспен қарамайды, сондықтан бас тарту жағдайлары орын алуда. 

А гепатитінің берілу жолын ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер, ересектер арасында тазалықты, жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Азық-түлікке немқұрайлы қарауға болмайды. Көкөністер мен жемістерді мұқият жуғаннан кейін тұтыну керек.

Парентеральды гепатиттерінен қорғану үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: басқа адамдардың гигиеналық заттарын, тіс щеткаларын, косметикалық жиынтықтарын, қырыну заттарын пайдалануға болмайды!

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар