Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды – ҚР ӨҚМ

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды – ҚР ӨҚМ
ашық дерек
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын айтты. Оларды салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрылыс жұмысы Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасуда. Жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отыр.

Көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды. Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 бірлік тұрғын үй сатып алды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар