Облыстың 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18,3 млрд. теңге субсидия төленді.
Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1045 агроқұрылымға 15,2 млрд. теңге несие берілді.
2024 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласында
204,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 106,5% құрады
(егін шаруашылығында – 87,3 млрд. теңге, НКИ – 112,5%, мал шаруашылығында – 116,5 млрд. теңге, НКИ – 101,8).
Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу базасында өздігінен жүретін 9,6 мың техника тіркелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 25 жылдан асқан техникаларды 2024-2026 жылдар аралығында есептен шығару туралы берілген тапсырмасына сәйкес, 25 жылдан асқан 3,9 мың техника есептен шығарылып, 3 жылдық жоспар 2 айдың ішінде орындалды.
Күзгі дала және жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында 10,0 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды (о.і. 558 комбайн, 5113 трактор, 4400 жуық басқа да техникалар).
Түгендеу нәтижесімен ағымдағы жылы өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын жаңару көрсеткішін 5,5%-ға жеткізу көзделген болатын.
Бүгінгі күнге 368 дана (359 трактор, 9 комбайн) жаңа техника алынып, жаңару көрсеткіші 6,5%-ды құрады.
Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайдың 6,4 мыңы облысқа жеткізіліп, 4,5 мың тоннасы фермерлерге таратылды. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде (бағасы 1 литріне 250 тг).
Өнімділіктің өсуіне оң әсерін тигізіп отырған минералды тыңайтқыштарды енгізу де ерекше назарда.
2024 жылдың өніміне 332,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқыштарды ендіру жоспарланған.
Бүгінгі күні 1 мыңнан астам фермер тарапынан 66,5 мың тоннасы алынып, 311,3 мың гектар алқапқа ендірілді.
Тыңайтқыштарды ендіру күзгі дала жұмыстарында жалғасып, жоспар орындалатын болады (күзгі дала жұмыстарына 20,0 мың тоннаға жуық ендіру жоспарлануда).
Жалпы 2024 жылдың өнімі үшін 626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (760 мың 2023 ж).
дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 366,3 мың га, майлы дақылдар – 32,9 мың га, қант қызылшасы – 11,2 мың га, картоп – 6,7 мың га, көкөніс – 26,4 мың га, бақша дақылдары – 5,4 мың га, мал азығы дақылдары – 177,7 мың га.
Егін жинау науқанының есептік кезеңінде 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып (100%), 586,4 мың тонна жиналды (бидай - 165,2 гектардан 291,5 мың тонна, арпа – 187,7 мың гектардан 294,9 мың тонна).
Ауа райының қолайлы болуына және фермерлер тарапынан агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 10 ц/га-дан 16,6 ц/га дейін өсті.
Бұдан бөлек, бүгінгі күнге картоп, майлы дақылдар, көкөніс, бақша және қант қызылшасын жинау жұмыстары мерзіміне сәйкес жүргізілуде.
картоптың 2,9 мың га алқабынан 60,5 мың тн (43,3%), майлы дақылдардың 6,1 мың га алқабынан 4,2 мың тн (18,5%), көкөніс дақылдарының 12,0 мың га алқабынан 310,3 мың тн (59,5%), бақша дақылдарының 4,9 мың га алқабынан 132,6 мың тн (90,7%), ал қант қызылшасының 605,9 га алқабынан 44,3 мың тонна өнім алынды («Меркі қант зауыты» ЖШС-іне 41,1 мың тонна Аксуға 200 тонна өткізілді).
Ағымдағы жылы 3,1 млн. тоннадан астам өнім алу жоспарлануда.
Облыстағы фермерлердің наразылығын тудырып отырған мәселенің бірі қант қызылшасын қайта өңдеуге өткізу.
Биыл 11,2 мың гектарға орналастырылған қант қызылшасы алқабынан 600,0 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде (орташа өнімділік 570 ц/га).
Жоспарлы өнімнің 450 мың тоннасын Меркі қант зауыты қабылдайтын болады.
Қант зауытымен келісілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстары 10-шы қыркүйектен басталып, бүгінгі күнге 41,3 мың тонна өткізілді.
Меркі қант зауытына үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.
Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала-2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.
Қалған 100-150 мың тоннаға жуық өнім Ақсу қант зауытында қайта өңделетін болады.
Облыс фермерлері Ақсу қант зауытына қызылшаны өткізуді бастады, бүгінгі күнге 200 тоннаға жуық өнім өткізілді.
Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтелетін болады.
Меркі қант зауытына өткізілген өнімді жергілікті бюджет есебінен субсидиялау басталды (бағдарлама бойынша қалған 172 млн теңге фермерлерге төленуде). Қолда бар қаржы 6,8 мың тонна өнімді субсидиялауға ғана жеткілікті.
Жалпы 600,0 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд. теңге қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл бағытта Үкіметтен, Ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінен қолдау бар.