Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады

Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады
ашық
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері ведомство 2 маңызды құжат әзірледі. Біріншісі - 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқарудың тұжырымдамасы. Екіншісі – жаңа Су кодексі. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында осы құжаттарда бекітілген іс-шаралар жайында сөз қозғады.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқарудың тұжырымдамасында 160-қа жуық шара қарастырылған. Оған сәйкес ең алдымен, елімізде 42 жаңа су қоймасын салу жоспарда бар. Су жинау көлемі 2,6 млрд текше метрден асады. Одан бөлек, 37 су қоймасын қайта қалпына келтіріп, соның арқасында 2 млрд текше метр суды жинау көзделген. 

Сондай-ақ Тұжырымдамада ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру іс-шаралары қарастырылған. Оның жалпы көлемі 14,5 мың шақырымнан асады. 

«Одан бөлек, екінші маңызды құжат – бұл жаңа Су кодексін әзірледік. Жаңа Су кодексі қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Осы жылдың аяғына дейін қабылдауды жоспарға қойып отырмыз. Одан бөлек, иесіз қалған су шаруашылық нысандар мемлекеттік меншікке қабылданды. Көптеген жұмыстар атқарылды бір жыл көлемінде. Әрі қарай ол жұмыстарды жалғастырып жатырмыз», – деді спикер.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар