Жаңалықтар
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанда өз таңдауын жасады
- author Zhambylokq
- 6 қазан, 2024
- 678

Дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы, жамбылдық Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды zhambyl.okq
Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым,- деді чемпион.
Келесі мақала
Паралимпиада жүлдегері жерлестерін дауыс беруге шақырды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025