Жуалы ауданының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері.
- author Zhambylokq
- 29 қазан, 2024
- 52
Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі қаңтар-қыркүйек айларында 97,6%-ға немесе 32 343,7 млн.теңге көлемінде орындалды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 15 821,6 мың теңгеге 94,9%-ға, мал шаруашылығы16 477,5 млн.теңгеге 100,7%).
Құрылыс көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 5 305,3 млн.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 176,7%-ды құрады (2023 жылы 3 954,2 млн.теңге немесе 100,1%).
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 12 мың 292 шаршы метрді құрап 102,1%-ға орындалды (2023 жылы 12 мың 042 шаршы метр немесе 102,1%).
Көктемгі дала жұмыстары толығымен аяқталды:
Мал азығын дайындау барысы туралы: 2024-2025 жылдарының мал қыстату науқанына дайындалып мал азығы, пішен (сено) - 182 900 тн, пішендеме (сенаж) -17 000 тн, сабан (солома)- 38 500 тн сүрлем (силос) – 19 000 тн. Шабуға белгіленген алқаптар 30 736,2 га, көп жылдық шөп – 27 755,2 га, табиғи шөптер – 1997 га, сүрлемдік жүгері – 686 га. Жиналған пішен – 283 990 тн (155,1%), пішендеме - 17 055 тн (100,3%), сабан – 49 320 тн (128,1%), сүрлем 19078 тн (128,1%)
Мал шаруашылығы
Жайылым бойынша. 2024 жылға 5000 гектар жер қайтару жоспары бекітілді. Бүгінгі күнге 2 693,5393 га. болатын 39 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Оның ішінде егістігі 20,0 жайылымы 2 660,8001 га., басқа жерлер 12,7382 га. қайтарылды. Ауыз су бойынша: Ауданда орналасқан 49 елді мекеннің 46-сы ауыз сумен қамтылған (546,08 шқ) ол 93,8 пайызды (халық санымен 52 879 тұрғын, 96,9% құрап отыр. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекен қалып отыр. Оның ішінде Түктібай, Ақтөбе ауылдарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қарастырылды.
Табиғи газ бойынша:Аудан көлемінде жалпы газ кұбырының ұзақтығы 569,790 шақырымды құрайды және тәуліктік газ тұтыну көлемі жаз мезгілінде 17 300 кубты, қыс мезгілдерінде- 95 000 -100 000 кубты құрайды.
Табиғи газбен қамтылу бойынша Аудандағы 49 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылған, ол 91,8% құрап отыр.
Көше жарығы бойынша:Аудан бойынша елді мекендерде 272 ауылішілік көше бар.2024 жылы елді мекендердегі 6 көше, бұрылыстарымен жарықтандырылып, нәтижесінде ауылішілік көшелердің жарықтандырылу деңгейі 230 көшесі немесе 84% құрап отыр.
Тазалық бойынша 2024 жылғы көктемгі және күзгі екі айлық, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары барысында 13 - рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 21 841 дана тал дарақтар отырғызылып «Таза Қазақстан» экологиялық акциясыаясында 160-қа жуық көшелер тазаланды.
Жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйі туралы.
Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 563,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде:
- республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 43 шақырым;
- облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 132 шақырым;
- аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 125,5 шақырым;
- ауыл ішілік автомобиль жолдары 263,0 шақырымды құрайды.
Аудан бойынша 2024 жылға жалпы 1,2 млрд теңге қаралып, 41 жоба 44,66 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге 39 жобаға асфальт төселіп жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 1 жоба асфальтқа дейін жұмыстар жүргізілген және 1 жоба мәслихаттың сессиясымен қаржы кері қайтарылды. Жыл қортындысымен қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті аудандық мәндегі автожолдардың үлесін 99%-ға, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 91%-ға жеткізу межеленіп отыр.
Тұрғын үй бойынша:Ауданда тұрғын үй кезектілігінде 909 азамат тіркелген. Б.Момышұлы ауылында екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс монтаждау жұмыстары жасалып, кезекте тұрған 36 азаматтарға таратылды.2024 жылға «Самұрық-Қазына( Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 909,6млн. теңге бюджеттен қаржы бөлініп, сатып алуға болатын 5 қабатты 60 пәтерлі ірі панельді 1 тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізілетін орны белгіленіп, «Бином» ЖШС-і ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Кәсіпкерлік саласы бойынша: 2024 жылға жобаланған жоспарлар ішінен бүгінде 1 жоба (ЖК «Олжа») сүт цехы толық іске қосылса, жыл аяғына дейін 2 сүт зауыты («МОЛ ДАМУ» АӨК-нің, ЖК «Асылжан) және 1 таза ауыз су шығару «Ақсай – Жуалы» ЖШС табиғи артезиан өндірісі іске асырылады деген үміттеміз.
Туризм саласы бойынша
Ауданда 9,6 млрд. теңгені құрайтын нақты 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2024 жылы Б. Момышұлы ауылы және 13 ауылдық округ әкімдері барлығы 79 жоба ұсынып, 575,5 млн. тг. несие алуға ниетті азаматтар тізімі ұсынылды. Оның ішінде:
Ауыл шаруашылығы саласында 26 жоба, 152,7 млн.тг
Кәсіпкерлік саласында 49 жоба, 327,6 млн.тг
Мамандандырылған кооперативтерден 4 жоба, 95,2 млн тг.
Бүгінгі күнге, аталған жобалардың ішінен барлығы 25 жоба тізбеге сәйкес толық құжаттары жинақталып, қаржыландыру үшін «Тараз ӘКК» АҚ-ға жолданды.