Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
- author Zhambylokq
- 4 қараша, 2024
- 309
Қазақстан Республикасының ПІБ Президенттік орталығында уақытша көрмелер залында «Тарих танабындағы таңба» көрмесінің ашылуы өтті.
Көрме Президенттік орталық музейінің «Қазақстан жолы» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұл іс-шара әріптестік байланысты нығайту мақсатында музейаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Көрменің мақсаты - Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Жамбыл облысының көп ғасырлық тарихы, өткен буындардың материалдық рухани өмірінің мұраларымен таныстыру, осы өлкеден шыққан атақты тұлғалардың жетістіктерін көрсету. Бұл көрме Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ – 2025 ЖЫЛЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
- авторZhambylokq
- 4 желтоқсан, 2025






