Жаңалықтар
БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ
- author Zhambylokq
- 5 қараша, 2024
- 45
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі басшылығының сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және адал кәсіпкерлердің қылмыстық процеске тартылуына жол бермеу туралы тапсырмаларына сәйкес барлық қажетті шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің нұсқауларына сәйкес, кез келген іс-шаралар бизнес субъектілердің қызметіне араласпай алдын ала талдау жұмыстарының негізінде жүзеге асырылады.
2024 жылдың өткен кезеңінде қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне жол берілмегені туралы айтып өткен жөн.
2024 жылдың 10 айында Палата және Департаментпен бірлесіп 30-дан аса іс-шаралар өткізілді. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Жамбыл облыстық кәсіпкерлер Палатасының қарым-қатынасы жоғарғы деңгейде қалыптасқан.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024