Жаңалықтар
2024 жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адам газға қол жеткізе алады
- author Zhambylokq
- 5 қараша, 2024
- 44
ҚР Энергетика министрлігі елді мекендерді газдандыру бойынша жұмысты жалғастыруда. 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуді және 1 700 км газ құбырларын жаңғыртуды жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жергілікті атқарушы органдарға «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 145 газбен жабдықтау жобасын іске асыруға 105 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8% жеткізу жоспарлануда, бұл 369 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деңгей 60%-ға жетті немесе 20 млн адамның 12 млн адамы газбен жабдықтауға қол жеткізе алады).
2025 жылға газдандыру деңгейін 62,1% жеткізу жоспарланған, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024