Ауданда 23 елді мекен бар. Қазіргі танда 17 елді мекен (15515 адам) газдандырылған немесе 73,9%-ды құрады. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделіп отыр.
Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстарына құны 2 млрд. 75 млн. теңгеге жоба әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, 1 млрд. теңге бөлінді. Мердігер анықталып, келісім-шарт рәсімделуде.
Көктал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой ауылдарына газ тарту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Атап айтқанда: Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына – 3 жоба 995,8 млн.теңге, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша жеткізуші газ құбырының құрылысына -2176,9 млн.теңге, Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына – 1261,0 млн.теңге жоғары бюджеттен қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді.
Қаратау қаласындағы жеке тұрған қазандықты қайта жаңғырту және мазут шаруашылығын қайта құру жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен 244,4 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 342,6 млн.теңгеге жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 3 жоба іске асырылатын болады.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырым. Оның ішінде:
- 394,1 шақырым облыстық маңызы;
- 193,49 шақырым аудандық маңызы.
2024 жылы 50/50 паритеті бойынша Есейхан ауылына кіре беріс автомобиль жолының 10,3 шақырымын орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен 426,9 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Тұрымқұл ауылына кіре беріс автомобиль жолының 1,3 шақырымын орташа жөндеуге 12,7 млн.теңге және Майтөбе ауылына кіре беріс автомобиль жолының 1,1 шақырымын орташа жөндеуге 10,4 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қаратау қаласында 13 көшені орташа жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен 298,4 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Кеңес, Майтөбе, Көктал, Тамды ауылдық округтерінде 11 ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 249,4 млн.теңге бөлініп, жеңімпаз мердігерлермен келісім-шарттар рәсімделуде.
Қаратау қаласындағы Панфилов, Тамды Әулие, Арбатас көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға 2024 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 166,7 млн.теңге бөлінді. (Жалпы жоба құны 1 млрд.133,0 млн.теңге, 2025 жылға өтпелі). Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан басқа, Қаратау қаласындағы 7 автокөлік көпірлерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ дайындалып, кәзіргі таңда мемлекеттік сараптамада. Жоба құны 398,7 млн.теңге.
Қаратау қаласына батыстан кіреберіс аудандық маңызы бар жолын орташа жөндеуге 100,0 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024