Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 59 түрін көрсететін 39 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады.
2024 жылдың басынан бері Департаментке 21 табиғи монополиялар субъектілерінен 47 тарифті бекітуге 47 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 6 хабарлама келіп түсті.
Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 35 өтінім бойынша 25 тариф бекітілді, 7 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 8 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылып, 10 өтінім қаралуда.
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2023 жылы 8 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 129 141,28 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда айтылғандай, Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта 2024 жылдың 10 айында Департамент тарапынан 1 табиғи монополия субъектісіне қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Тұтынушыларға техникалық шарттар беру мерзімдерін бұзғаны және газ тарату желілеріне қосуға заңсыз ақы талап еткені үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ-на 2 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 5 970 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 5 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, 4 заң бұзушылықтар анықталды.
Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 4 нұсқама енгізіліп, 3-і толығымен орындалды, 1-і орындалу барысында.
2024 жылдың 10 айында Департамент 19 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Департамент жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024