Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 425,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Егін шаруашылығында – 275,0 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында – 149,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 14,8 млрд. теңге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 5,0 млрд. теңге инвестиция салынды.
Үкіметтің статистикалық деректерді нөлге келтіру туралы тапсырмасына сәйкес биылғы жылы егіс алқабы 136 мың гектарға қысқартылып, ауыл шаруашылығы дақылдары 626,7 мың гектарға отырғызылды.
Егін жинау науқанының есептік кезеңінде 352,9 мың гектар масақты дәнді дақылдар егін орағына түсіп, 586,4 мың тонна астық (бидай - 165,2 гектардан 291,5 мың тонна, арпа – 187,7 мың гектардан 294,9 мың тонна) бастырылды.
Келесі мақала