Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатының есебінен 70 мыңға жуық жаңа оқушы орны ашылды
- author Zhambylokq
- 26 қараша, 2024
- 35
Қор құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушы орнына арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 70 мыңға жуық орындық 55 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды іске қосу жоспарлануда», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.
Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Бұл мектептердің басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Жаңа мектептерде жайлы білім алу ортасын құру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Аталған өңірлердегі бұл мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде, 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.