Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ашық дерек
1. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде жақсы қалыптасып отыр. Атап айтсақ:

1) Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 71 млрд. 567 млн. теңге немесе                   92,1 %

2) Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22,5 млрд. теңге немесе 100%

3) Негізгі капиталға салынған инвестициялар 31 млрд. 715 млн. теңге немесе 66,4%.

4) Құрылыс жұмыстарының көлемі 18 млрд. 150 млн. теңге немесе 132,6%

5) Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы көлемі 17 964 шаршы метр, орындалуы 103,7%

6) Бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. 648 млн.  теңге немесе 112%

 

2. Шаруалар қажеті үшін 67 дана ауыл шаруашылық техникалары алынғанын жеткізді. Ауданда сыйымдылығы 27 700 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс сақтайтын 24 қойма бар.

Биыл 14 080 гектар игерілмеген жер мемлекет меншігіне алынды.

2024 жылы жалпы аудан көлемінде 11,6 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба қолдау тауып, сәйкесінше жұмыстар атқарылды.

Жыл басынан пәтер кезегінде тұрған 98 отбасына пәтер берілсе, жыл соңына дейін тағы 170 отбасына пәтер берілетін болады. Жаңатас қаласындағы 12 көппәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілуде.

2024 жылы Жаңатас қаласы «Саяжай» алқабына, Саудакент (І-кезең, 600 үйге), Тоғызкент, Кіші Көкдала ауылдарына сапалы ауыз су берілді.

Саудакент ауылының 2-ші кезеңі (400 үй, жоба құны – 417,4 млн.тг), Жайылма және Маятас ауылдарында ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп (жоба құны - 1,7 млрд.тг) бюджеттік өтінім берілді.

Бүгінгі күні 14 елді мекендегі 39 582 адамды (Жаңатас қ 25,5 мың адам) табиғи газбен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге 13 елді мекенге (Жаңатас қаласынан басқа) сыртқы және ішкі құбырлары жүргізілді. Аталған жобалар іске асырылған соң аудан тұрғындарының игілігіне газ беріліп, газбен қамту деңгейі елді мекен саны бойынша 76%-ға, ал халық санымен 94%-ға дейін жететін болады.

Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру бойынша барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күнге қазандықтар сынақтан өткізіліп, жылу өз деңгейінде берілуде.

2024 жылға аудандық маңызы бар 2 жобаның жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3,5 шақырымды құрайтын 3 ауылішілік жолдар орта жөндеуден өтті.

Ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 10 бағытқа  104 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, 5 елді мекеннің 31 көшесіне жарықтандыру орнатылды.                   5 елді мекеннің 9 көшесінің ескі бағаналары мен желілері ауыстырылды.

2024 жылы 10,2 млрд. теңгеге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 16 жоба, 172 млн. теңгеге «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2 жоба іске асырылуда.

2024 жылы Маятас ауылында 50 орындық, жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2 мектепте күрделі жөндеуден және 2 мектеп,                        1 қосымша білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

3. 2024 жылы ауданда 3 895 адамды белсенді шаралармен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 қарашасына қамтылған азаматтар саны                                3 352 адамды немесе 86,1% құрады.

Орташа айлық жалақы 2024 жылдың 2 тоқсанында 348 037 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 0,8%-ға төмен.

232 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (1 142 адам). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы саны 91-ге азайды (2023ж. 323 отбасы).

Бүгінгі күнге 1 137 жұмыссыз азамат есепте тұр, 2023 жылы тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,2% төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр.

 

4. Қылмысқа қарсы күрес

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы 129 құқықбұзушылық тіркелді (2023  ж. – 136 құқықбұзушылық). Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 5 көрсеткішке төмендеген.

 

5. Тұрғындармен кері байланыс

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Жаңатас қаласы мен барлық ауылдық округтерде кездесулер өткізудің күнтізбесі бекітіліп, оған сәйкес, жыл басынан халықпен 41 кездесу өткізілді (1-і облыс әкімімен, 20-ы аудан әкімімен, 20-сы а/о. әкімдерімен).  

Кездесулерге барлығы 7 мыңға жуық тұрғын қамтылып, 119 (15 мәселе облыс әкімімен кездесуде көтерілген) мәселе көтерілген. Оның 83 мәселесі, яғни 69%-ы өз шешімін тапқан. 36 мәселенің мерзімі жетпеген, орындалу үстінде.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді орындау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуы бақылауға алынған.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар